» » Ұлттық гвардия полковнигі ұшақ бортында жолаушы әйелді құтқарып қалды

Ұлттық гвардия полковнигі ұшақ бортында жолаушы әйелді құтқарып қалды

Ұлттық гвардия полковнигі Серік Омарбаев жолаушы әйелді өлімнен аман алып қалды, деп жазады Stan.kz.

Ұлттық гвардияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Астана-Дубай рейсінің ұшақ бортында болған. Жолаушының бірі есінен танып құлаған.
«Ол кезде түн ортасы болғандықтан, жолаушылардың көбі ұйқыда еді. Көмекке шақырған дауысты естіп, жетіп барсам, әйел клиникалық өлім жағдайына түсіп үлгерген екен. Абырой болғанда, бортта алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажеттінің бәрі бар екен. Жарты сағаттай арпалыстан соң әйел ес жиды. Дубайға жеткен соң оны әуежайда күтіп тұрған кардиологиялық бригадаға тапсырдық», – дейді полковник Серік Омарбаев.
Серік Омарбаев жолаушыға жасанды жолмен тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасаған.
«Мұндай кездерде алғашқы медициналық көмек көрсету баршамыздың, әсіресе ақ желеңді жандар мен погон таққан мына біздердің борышымыз. Мұндай жағдай менің өмірімде алғаш рет болып отыр. Әйелдің есін жинауы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым», – дейді Серік Омарбаев.
Жолаушының жүрегі тумысынан ауыратыны анықталды. Наталья Попова өмірін құтқарған қызметкерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
12 қыркүйек 2018 ж. 591 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930