» » Н мен Ң-ды ажыратудың ең тиімді 3 жолы

Н мен Ң-ды ажыратудың ең тиімді 3 жолы



Қазіргі күні оқушылардың, жас жеткіншектердің арасында "н" мен "ң"-ды ажырата алмаушылар көбейді. Оның себебі неде деп алаңдайтын адамдар да көрінбейтін сынды. Әсіресе, мектеп оқушылары "ң" дыбысын айта алмадым деп түкте қиналмайды. Керісінше мақтаныш санайтындай көрінеді. 
Ал мектепті үздік бітіріп, әлгі дыбысты айта алмаймын деп тұрғанда, талап қайда кеткен, ұcтаздар не оқытты дерсің!  Бірақ оны мұғалім оқытсын, ата-ана үйретсін деп қатып қалған дүние жоқ. Талпынған адам өзі-ақ күнделікті тілін жаттықтырып, үйреніп алуына болады. Ол үшін мына тиімді әдістер көмектеседі деген сенімдемін: Дыбыстарды айтқан кезде, оның қалай жасалғанына, яғни ауаның ауыз қуысынан қалай шыққандығына мән беріңіз. Мәселен, «н» дыбысын айтыңыз да, оны дыбыстаған кезде, ауыз қуысында болған әрекеттерді сипаттаңыз. Яғни тілдің ұшы тіске тиеді. Ал енді "ң"-ды айтып көріңіз. Тіл кері (артқа қарай) шегінеді.
 Дыбыстардың жасалуының өзінде едәуір айырмашылық бар. Дыбыстарды жеке-жеке тағы да қайталап айтыңыз. Және де мұқият өз дауысыңызды тыңдаңыз. "н" дыбысын айтқанда, "н"-дан кейін "ы" дыбысы қосарлана естіледі. Яғни "ны" түріндегідей, бұл жазылуы емес, естігеніміз. Ал "ң" дыбысын айтқан кезде, керісінше "ы" дыбысы "ң"-ның алдына шығып кетеді. Яғни "ың" түрінде. "Ы" дыбысының көмегімен дыбыстарды оңай ажыратуға болады деген сөз. Кейбір әдістерде "ң" дыбысы сөздерде аз кездеседі, сол себепті мұндай сөздерді жаттап алып-ақ үйренуге болады деп жатады. Бұл да дұрыс шығар.
Дегенмен барлық сөзді емес, сол сөздің түбірін ғана жаттап алсаңыз, жетіп жатқаны. Сол түбірден өрбіген сөздердің мағынасы бірдей болмағанымен, дыбысталуы бірдей келіп, бір сөздің қайта қайталануын көріп отырсыздар. Мысалы, жаңа – жаңалық, жаңаша, жаңашыл; Жең – жеңіл, жеңілдік, жеңілтек, жеңіс, жеңімпаз, жеңге; Тың – тыңда, тыңдалым, тыңшы, тыңайт, тыңайтқыш, тыңғылықты және т.б. Таң – таңғы, таңертең, таңшолпан, таңба, таңдай, таңғажайып, таңда, таңдау және т.б.

Массагет.кз

17 қыркүйек 2018 ж. 833 2

Гость Jeaplause от 28 ақпан 2019 15:52
Buy Nexium Capsules Online Online No Scrip Cialis cialis with dapoxetine for sale canada Anagen Levitra

Гость Jeaplause от 16 наурыз 2019 17:02
Nolvadex Medicaments Et Remedes Kamagra Oral Jelly Online Apotheke Viagra A Paris En Saint generic cialis canada Cialis Sirve Para Diabeticos Clomid C25 Cheap Misoprostol

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930