Алматылық Қызыл кітапқа енген бүркіттерді БАӘ-ге кіргізгісі келді
Бүркіттері мен ителгілері бар қазақстандықты шекарашылар Алматының әуежайында ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
ҰҚК-нің шекаралық қызметі контрабандалық жолмен жеті ителгіні Біріккен Араб Әмірлігіне кіргізгісі келген азаматты тұтқындады.Ведомствоның баспасөз қызметінде айтылғандай, Қызыл кітапқа енген құстарды 36 жастағы қазақстандық қарапайым сөмкенің ішіне салып алып, ұшаққа кіргізуді жоспарлаған.
“Алматы — Шарджа” халықаралық рейсін рәсімдегенде шекарашылар 1981 жылы туылған азаматтың қара түсті сөмкесінен жеті ителгі табылды. Құстар қораптарға салынған”, — деп жазылған хабарламада.
Құстар бірден тәркіленді. Бүркіттер “Сұңқар” орталығына жіберілді. Қазіргі уақытта олар кәсіби орнитологтардың бақылауында.
Ителгі тек Қазақстанның аумағында ғана емес, басқа да Азия мемлекеттерінің ішінде жойылып бара жатқан құстардың қатарына кіреді. Араб әмірлігінде ителгілерге деген сұраныс жоғары. Шейхтер оларды иелену үшін 50 мыңнан бастап, жарты миллион доллар төлеуге дайын.