» » Қазақстанның азаматшасы бөтен адамның балмұздағын жегені үшін түрмеге жабылуы мүмкін

Қазақстанның азаматшасы бөтен адамның балмұздағын жегені үшін түрмеге жабылуы мүмкін

Бөтен адамның балмұздағын жеген ару түрмеге жабылыуы мүмкін. 

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында полицейлер дүкеннен 15 мың теңгеге балмұздақ ұрлаған азаматшаны тұтқындады.
Дүкеннің иесі жұмысқа келгенде балмұздақтан басқа барлық азық-түліктердің өз орнында тұрғанын байқайды.  Балмұздақтың ондаған қағаздары жерде шашылып жатты. Осыған қарағанда қаскүнем ешқайда асықпаған сияқты. Ол жеп тауыса алмағанын өзімен бірге алып кеткен.
Дүкен иесі полицияға арыз жазғаннан кейін, қаскүнем бірнеше сағатта ұсталды. Ақмола облысының тұрғыны өз кінәсін бірден мойындады. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бойжеткен түрмеге жабылуы мүмкін.
Егер ол жәбірленушімен келісімге келіп, шығынды өтесе, ұрлық жасағаны үшін берілетін мерзім шарттыға айналады.
23 қыркүйек 2018 ж. 835 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 674

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31