» » Менингит қайта өршіді: СҚО-да студент қыз көз жұмды

Менингит қайта өршіді: СҚО-да студент қыз көз жұмды

ÑÑаÑай

СҚО-да аяқ астынан студент қыз қайтыс болды. 19 жастағы бойжеткен сәрсенбі күні түнде көз жұмған. Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

"1999 жылғы студенттің ауруы 6 қыркүйекте басталған. Ақ халаттылар оған "қабынбалы баспа (ангина)" диагнозын қойып, сол бойынша ем қабылдапты. Содан кейін ол оқуы басталған соң Көкшетауға кетіп қалған.Кейін ол СҚО-дағы өзінің ауылына қайтып, үйінде екі күн болады. Халі күрт нашарлаған соң, бойжеткенді ауруханаға апарған", — деді Астанадағы брифингте бас санитар.

Сондай-ақ, Бекшин студент қызда бірінші тұмау белгілері болғанын алға тартты.
Өз үйінде ем қабылдаған бойжеткеннің жағдайы осы аптаның басында ғана жақсы болыпты.
Бас дәрігердің сөздерінше, марқұм Көкшетауда оқығысы келмеген соң өз ауылына қайтып келген екен.

"Қазір зерттеу жүргізіліп жатыр. Бес күннен кейін нәтиже шығып, сол бойынша нақты диагноз белгілі болады. Әзірге менингит деген болжам жасалды, бірақ расталған жоқ", — деді Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін соңғы он күнде Алматы облысында менингит диагнозымен үш мектеп оқушысы ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, 24 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 1 курс студенті Нұрдос Айтпаев жұмбақ жағдайда көз жұмған еді.


https://kaz.nur.kz

28 қыркүйек 2018 ж. 900 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930