» » Қазақстанда қаптап кеткен діни балабақшалардың жұмысы тоқтатылды

Қазақстанда қаптап кеткен діни балабақшалардың жұмысы тоқтатылды

ÒазаÒÑÑанда ÒапÑап кеÑкен дÑни балабаÒÑалаÑдÑÒ£ жұмÑÑÑ ÑоÒÑаÑÑлдÑ

Жуырда Атырау қаласында жұмыс істеп келген «Айша Бибі», Алматыдағы «Ғалым» радикалды діни бағыттағы мектепке дейінгі білім ошақтарына арнайы тексеріс жұмыстары жүргізіліп, олардың теріс ағымда білім бергені анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Еліміздегі мектеп оқушыларына орамал тағуға тиым сала алмай жатқанда, діни балабақшалар қаптап кетті. Мәселен, өткен жылы мыңға жуық күмәнді білім ошағы анықталған. Белгілі болғандай, онда 30 мыңға жуық бала радикалды ағымда тәлім-тәрбие алып келген. Ал бүгінде арнайы іс-шаралардың арқасында жат ағымды насихаттап келген мектепке дейінгі мекемелердің жұмыстары тоқтатылыпты.
«Былтыр бүкіл балабақшаларға тексеру жүргіздік. Шынымен де олардың арасында діни бағыттағы балабақшалар анықталды, соның ішінде Алматыда және басқа қалаларда болды. Атап айтқанда, олардың жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың күшімен тоқтатылды. Бұл жерлерге діни топ мүшелерінің балалары ғана барған» – дейді Қоғамдық даму министрінің орынбасары Берік Арын.
Мәселен, жуырда ғана министрлік Атырау мен Алматы қаласында заңсыз жүмыс істеп келген діни балабақшалардың жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Ақпаратқа сүйенсек, жекеменшік «Ғалым» және «Айша Бибі» атты мектепке дейінгі мекемелер діни бағытта бүлдіршіндерге тәлім-тәрбие беріп келген. «Негізгі проблема жекеменшік балабақшаның білім беруіне қатысты болды. Яғни бір топ азаматтар Алматы қаласында жекеменшік топ ашқан. Сол мектеп басшылығы өздері бөлек мекеме салып алдық. Соның ішінде өзіміздің талаппен жүреміз деген мақсатпен балалар келе бастаған. Қыз балалар. Әсіресе Батыс өңірінен барып, Алматыға келіп сол жерде білім аламыз деген жағдайлар болды» – дейді ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қоғамдық келісім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Балғабек Мырзаев.
Астанадағы 4 жастан бастап балаға діни тұрғыдан тәлім беретін балабақшаның бірінде ерте жастан сәбиге сүре оқытып, 6 жастан сәждеге басын тигізуді үйрететін орталық иесі 3 жыл бойы бизнесін дөңгелетіп келген. Мұндай балабақшаны іздеп табу оңай емес. Тек қана таныс-тамыр арқылы ғана табасыз, дейді мекеме меңгерушісі.
«Мен есімде бары Атырау обл мен Алматы қаласы. Халал балабақшасы тек қана оқашаулап, арнайы діндарларды қабылдап сабақ жүргізіп, діни тәрбиелеу болған. Біз айттық заңанама бойынша баланы тәрбиелейтін тек қана ата-анасы немесе заңмен белгіленген қорғаушылары. Ешкімде оны қандайда бір дінге басқа бір ағымға топқа тәрбиелеуге құқықтары жоқ» – дейді ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қоғамдық келісім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Балғабек Мырзаев.
Қалай десек те, ғаламтор беттерінде әлі де «Мұсылман», «Халал» балабақшасының жарнамасы жетіп артылады. Ең қызығы мұндай діни бөбекжайларға сұраныс та бар. Осылайша, министрлік радикалды бағыт ұстанаттын топтардың басым бөлігі Оңтүстік пен Батыс Қазақстанда шоғырланғанын жеткізді. Қазір бұл өңірде кеңінен насихат жұмыстары жүргізіліп, діни ұстанымы болған балабақшалар жабылып, кейбірі заңға сәйкес жұмыс істеуге көшіпті.


Stan.kz


29 қыркүйек 2018 ж. 1 023 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930