19000-ға жуық бала бірінші сыныпқа барады
Облыс бойынша мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының жаңа 2018-2019 оқу жылына дайындық барысы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова баспасөз конференциясын өткізді. Жаңа оқу жылының басталуына жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша автоматтандыру жүйесіне балабақшалардың барлығы қосылған. Облыстағы қалған 420 балабақша автоматтандырылған жүйеге жаңа оқу жылынан бастап қосылатын болады. Биыл облыс бойынша 294 мектепке 154559 оқушы баратын болса, оның ішінде 18942 бала 1 сыныпқа қабылданбақ. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 700 балаға көп.
–Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытыла бастайды. Пәндерді ағылшын тілінде оқытуға 2021 жылға дейін көшу жоспарына сәйкес облыстағы 46 инновациялық мектептер жұмысты алғашқы болып бастайды. Былтырғы оқу жылынан бастап 242мектеп «Күнделік» электронды жүйесіне қосылды. Қалған мектептер жаңа оқужылында жүйеге қосуды аяқтайды. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептерде сынып журналдары электронды форматта жүргізіледі. Осы орайдамемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 8000 дана компьютермен жабдықтаужаңа жылға дейін жүзеге асырылады, – деді М.Мелдебекова.
Облыстық білім басқармасы оқулықтардың жеткізілуіне мониторинг жасап, бұл істі тиянақтыжүргізіп отыр. Демек, биыл оқулық тапшылығы болмауға тиіс.
Тағы бір жаңалық, биыл 3 сыныпқа информатика пәні енгізіледі. Оқулықтары мектепке таратылды. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5-7 сыныптарға«Өлкетану» курсы алғаш рет енгізіліп отыр. Пән қаңтар айынан бастап оқытылады.Майра Тұрғанбайқызының мәлімдеуінше, ғалымдардың араласуымен өңіріміздіңтабиғаты, тарихы, салты мен дәстүрін көрсететін оқулық дайындалуда.Облыстағы мектептер 156 жаңа модификациялық физика, химия, биология пәндік кабинеттерімен жабдықталуда. Сонымен қатар 92 мектепке робототехника кабинеттері беріліп отыр.