ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырады
Ауданда соңғы жылдары тың серпінмен ілгерілеген бірден-бір сала болса, ол – білім. ҰБТ көрсеткіші бойынша Жалағаш жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүр. Бұл тұста ұлағатты ұстаздардың еңбегі ерен. Олар шәкірт тәрбиелеуде ауқымды іс тындырды. Лайым жаңа оқу маусымында да ұстаздар ұжымы үлкен жетістікке жетеді деп сенеміз. «Биылғы оқу жылында мұғалімдер мен оқушылар қауымын қандай жаңалықтар күтіп тұр? Балаға білім беруде оқыту әдісінің қайсысын қолданған тиімді? Бұл саланы әлі де жетілдіруде қандай жобалар қолға алынады?» деген сияқты бірқатар сауалымызға жауап алу үшін аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзат Құрманбаевамен сұхбаттасқан едік...
– Гүлзат Ердәулетқызы, мемлекет болашағын бәсекеге қабілетті жастармен байланыстыратынын өзіңіз де жақсы білесіз. Бұл саланы ілгерілетудің тиімділігін Елбасы да жыл сайынғы Жолдауларында айтып келеді. Биыл жаңа оқу маусымында ұстаздар мен оқушылар қауымын қандай жаңалықтар күтіп тұр?
– Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция аясында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында адами капиталдың сапалы өсуі негізгі шарт екенін ескере отырып, оның даму қадамдарын да белгілеп берді. Әрине, Президент бұған дейінгі саяси құжаттарда бұл саланы назардан тыс қалдырған емес. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім. Сондықтан жас ұрпаққа сапалы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Білімнің дамуы – адамзат өркениетінің өлшемі. Сондықтан бұл сала үнемі жетіліп, жаңарып отыруды талап етеді. Жаңа көзқарасты, жаңашылдықты қажет ететін кезеңде жас ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп қалыптастыруда негізгі сын да, салмақ та ұстаздар қауымына түсетіні анық. Осы орайда білім берудің әрбір деңгейі бойынша бізді биылғы оқу жылында жаңа ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бұл тұста жауапкершіліктің салмағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерін де айналып өтпейді. Оқушының қалыптасуы балабақшадан басталатындықтан мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінде де жұмысты ширату талап етіледі. Ауданда 26 балабақша мен 12 шағын орталық бүгінде 2124 бала тәрбиелеуде. Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген 3 пен 6 жастағы балаларды балабақшамен 100 пайыз қамту біздің өңірде толық жүзеге асты.
Мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандартында баланың қалыптасуы үшін қажетті білім, білік және дағдылар көзделген. Стандарт талаптарының орындалуын қамтамасыз ету – педагогтардың басты міндеті. Бұл өз кезегінде мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарының орындалуына тікелей әсер етеді. Осы орайда мектепке дейінгі ұйым басшылары мемлекеттік бағдарламада көрсетілген кадр сапасы көрсеткіштерінің орындалуын, қамтамасыз етілуін қадағалау қажет. Біз осындай талаптар қою арқылы және сенім үдесінен шықсақ қана жақсы жетістікке қол жеткіземіз.
Аталған санаттағы білім беру мекемелерінде сабақ өтуде қолданылатын тың әдістер де жоқ емес. Одан кейінгі маңызды жұмыстың бірі – «электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесін енгізу. Ол үшін қазынадан 4 млн 973 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жүйенің білім саласын ілгерілетуге қосар үлесі орасан. Себебі, осы жүйе бүгінге дейін жеке балабақшаларға қатысты орын алған мәселелердің шешімін тауып, кезекке тұру, жариялы түрде жұмыс жасау, бүлдіршіндердің қатысу жағдайы, сыбайлас жемқорлық сияқты келеңсіздіктердің жолын тұсауда маңызды рөл атқарады.
– Білім берудегі өзгерістер тек тәрбиешілердің тәжірибесін ширатумен шектеле ме, жоқ әлде бұл жаңалықтардың орта мектептерге де әсері бар ма?
– Халықаралық стандарттарға сәйкес енгізіліп жатқан жаңартылған білім беру мазмұнына көшу балалардың сапалы білім алып, функционалды сауатты, өмірге тез бейімделетін тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осы орайда жаңа оқу жылынан бастап 3, 6, 8-сыныптарда жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жалғасуда. Барлық қажетті оқулықтар мәселесі бүгінде толыққанды шешімін тапты. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 66 млн 516 мың теңге бөлініп, қазынадан қаралған тиісті қаражатқа 62 мың 994 оқулық сатып алынды. Функционалдық сауаттылықты дамытумен қатар дарынды оқушыларды анықтау, оларды қолдау және ынталандыру бағытындағы жұмыстарды әрі қарай жүйелі түрде жалғастырудамыз. Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі – жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндердің жоғары кластарда ағылшын тілінде оқытыла басталуы. Пәндерді аталған тілде оқытуға 2021 жылға дейінгі кезеңмен көшудің жоспарына сәйкес, биылғы оқу жылынан бастап аудандағы инновациялық №31, 32, 123 және 201 мектеп-лицейлері биология, физика, химия, информатика пәндері бойынша терминология курстарын енгізіп, ағылшын тілінде оқытуды бастайды. Бұл қадамға біз біршама жұмыс атқарып, дайындықпен келіп отырмыз. Бір сөзбен айтқанда жаңартылған білім беру мазмұны – бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырудың тиімді тәсілі.
– Гүлзат Ердәулетқызы, бірнеше пәнді меңгертуде ағылшын тілінде жұмыс жасау ұстаздар үшін қиындық тудырмай ма?
– Сауалыңыз өте орынды. Бұл сұрақ бізді де алаңдатпай қойған жоқ. Бірақ, ойлап қарасақ, шешімі де бар. Сондықтан біз физика, химия, биология, информатика пәні бойынша 39 мұғалімді ағылшын тілін меңгерту курстарынан өткіздік. Бүгінде олар А деңгейін аяқтап, В, С деңгейлеріне байланысты оқытуды жалғастыруда. Тиісті оқулықтарға сұраныс беріліп, жергілікті бюджеттен 1 млн 305 мың теңге қаржы бөлінді. Мұнан бөлек, үштілді білім беруді жүзеге асыру мақсатында 43 ағылшын тілі пәні мұғалімі тіл меңгерту курстарынан өтті. Жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңімен көшуде жалпы орта білім беру ұйымының басшыларына қойылатын талап та көп. Бірінші кезекте, мектеп директоры енгізіліп жатқан жаңалықтардың көшбасшысы, новатор, әдіскер ұстаз болуы тиіс. Директорлар жұмыстың мазмұнына толық еніп, сапалы іс жасау қажет. Осы орайда облыстық тамыз кеңесінде облыстық білім басқармасының басшысы барлық мектеп директорларына алдағы жаңа оқу жылынан бастап мұғалімдерге үлгі болу үшін жаңартылған білім мазмұнына сәйкес сабақ беру қажеттігін айтты. Бұл тапсырманың ауданда жүйелі түрде орындалуын өзім бақылап отырамын.
– Елбасы Жолдауындағы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беруді цифрландыру ауданда қай деңгейде жүзеге асуда?
– Мемлекеттік бағдарлама аясында білім беруді цифрландыру өңірде екі бағыт бойынша жүзеге асуда. Әуелі мектептерде цифрлық білім беру ресурстарын толығымен пайдалану қажет. Келесі кезекте ол салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру да маңызды рөл атқарады. Бұл кезеңдер бойынша ауданда бірқатар жұмыс атқарылды. Жаңа технологиялар енсе, экономикалық ұстанымды, адамдардың өмір сүру салтын, жұмыс күші нарығын өзгертпей қоймайды. Цифрландыру тұтастай алғанда өркениетті қоғамды және әрбір адамның жеке ерекшеліктерін жаңа сапалық қалыпқа түсіреді. Әлемде болашақта пайда болуы мүмкін 162 мамандық тізімі жасалған. Олардың қатарында ойымызға кіріп те шықпаған робот-экономист, робот-заңгер, робот-қаржыгер, робот-маман, робоэтика бойынша адвокат, қоршаған ортаны қалпына келтіру менеджері, криптовалюта банкирі, IT-генетик, интеллектуалды жекеменшікті бағалау, нейропсихолог, медициналық роботтехник, виртуалды өмір архитекторы секілді мамандықтар бар. Цифрлық технологияны енгізу жалқауға, еріншекке, кәсіби деңгейін өсіруге ынтасы жоқтарға қиындық туғызады. Себебі, өнеркәсіптік төңкеріс көз алдымызда жүріп жатыр. Сондықтан бұл әлгіндей кәсіби деңгейін өсірмейтін, жаңалыққа жоқ, жаңа технологияны үйренбейтін, оқу мен кәсіпке құлқы жоқ жандарға айтарлықтай тұсау салады. Осы орайда біз өскелең ұрпаққа ақпараттық технологияларды игеру мүмкіндіктерін жасауымыз қажет.
2018-2019 оқу жылынан бастап жаңа «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні 3-сыныптарға енгізілді. Бастауыш сыныпта «АКТ» пәнін оқыту негізгі мектепте информатиканың базалық курсын қалыптастырады. Алдағы уақытта 1 және 2 сыныптарға да «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні енгізілмек.
– Цифрлы білім беруді жүзеге асыру үшін алдымен мектептер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі қажет. Осы орайда біздегі білім ошақтарының базасы талапқа сай ма?
– Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу және мектептерімізді кабинеттермен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда аудандағы білім ошақтарының 95 пайызы кең жолақты интернет желісіне қосылған. Бұлардың қатарын қыркүйектен бастап Аққыр ауылындағы №188 орта мектеп толықтырады. Кең жолақты интернет желісіне қосылу арқылы педагогтар мен оқушылар интернетті пайдалана отырып, мол ақпаратқа қол жеткізеді. Сонымен қатар, мектептер арасында онлайн режимінде байланыс орнату арқылы әдістемелік көмек алу мүмкіндігі қалыптасты.
Өткен жылы 4 мектеп пен оқушылар үйі робототехника кабинетімен, 4 инновациялық мектеп физика кабинетімен жабдықталды. Биыл тағы 8 мектепке 71 млн 606 мың теңгеге жабдықталған 11 жаңа модификациялық физика, химия, биология пәндік кабинеті берілді. Алдағы уақытта 26 млн 832 мың теңгеге 8 робототехника кабинетін жабдықтауға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Аудандық оқушылар Үйіне жаңа инновациялық «3D модельдеу» және «Цифрлық білім беру лабороториясы» кабинеті орнатылуда. Бұл мақсатта бюджеттен 82 млн 14,2 мың теңге қаржы қаралды. Қалалық және ауылдық мектептердегі білім сапасын теңестіру мақсатында Далдабай ауылындағы №115 шағын жинақталған мектепке 3 млн 300 мың теңгеге «BilimBook» дербес оқыту планшетін сатып алу жоспарда бар. Ол – барлық жастағы оқушыларға арналған, мектеп бағдарламасына сай ресурстардан тұратын әмбебап құрылғы. Құрылғыны пайдалана отырып, оқушының танымдық белсенділігін және оқуға ынтасын арттырып, шағын жинақты мектептердегі білім сапасын көтеруге болады. Бұл өз кезегінде цифрлық дамудың жаңа кезеңіне жол ашады.
– Былтыр аудандағы бірқатар білім ошағы «Күнделік» электронды жүйесінде жұмыс жасаған еді. Нәтиже қалай? Егер тиімді болса осы жүйеде жұмыс жасайтын мектептер қатары арта ма?
– Өткен жылы 11 мектеп «Күнделік» электронды жүйесінде жұмыс жасағаны рас. Нәтиже жаман емес. Ата-аналар да бұл жүйенің тиімділігін біледі. Сондықтан биылғы оқу жылынан бастап қалған мектептер де осы жүйеге қосылды. Электронды «Күнделік» жүйесінің маңыздылығы ата-аналар өз балаларының білім жетістігін сырттай бақылай алуында. Мұны жүзеге асыру үшін 200 дана планшет сатып алынды. Сонымен қатар, мектептердің оқу кабинеттерін интернетпен қамтамасыз ету мақсатында 114 дана wi-fi роутерлер алынды. Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептерде класс журналдары электронды форматта жүргізіледі.
– Биылғы ҰБТ қорытындысы бойынша айтып өтсеңіз...
– Биыл ҰБТ-ға 246 түлек қатысты. Қорытындысына келсек, орташа баллы 87,5-ті құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 5,9 баллға көтерілді. Биыл математика, физика, химия пәндерінен былтырғымен салыстырғанда көрсеткіштің жоғарылағандығы байқалды. Мұның барлығы – дайындық жұмыстарының сапалы орындалғанының жемісі. Өткен жылы ең жоғары балл 125 болса, биыл №114 орта мектеп оқушысы Марат Мақсат 131 баллға қол жеткізді. Ауданда ҰБТ-ға қатысқан түлектердің 72,8 пайызы мемлекеттік білім беру грантын иеленді. Мұнан бөлек, Ресейдегі жоғары оқу орнына 1 мектеп бітіруші, әскери жоғары оқу орындарының грантын 6 түлек жеңіп алды. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасынан шыққан 5 талапкерге облыс әкімінің гранты берілді.
– Сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан Кенжетай БАЛҒАБАЙ.