» » БӨБЕКТІ ШАТТЫҚҚА БӨЛЕЙДІ

БӨБЕКТІ ШАТТЫҚҚА БӨЛЕЙДІ


Елбасымыз жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында білім саласына, оның ішінде мектепке дейінгі мекемелердің тәрбие жұмысын жандандыруға айрықша басымдық беріп келеді. Жас бүлдіршіндерге балабақшаларда білім беріп, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеудің, еліміздің тарихы мен мәдениетін тануға және туған өлкенің табиғатын аялап, Қазақстанның жетістіктерін насихаттаудың маңызы зор. Соңғы кездері жаңадан балабақшалар салынып, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мәселесі ауданымызда түбегейлі шешімін тапты. Ал өткен жылдың аяғына таман қараша айында кәсіпкер Назым Тоқтамысова өз қаражатымен 1-3 жас аралығындағы бүлдіршіндер тәрбиеленетін «Інжу-Бөбек» бөбекжайын ашып, аудан халқын қуанышқа бөлеген еді. Себебі, 1-3 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтитын мұндай бөбекжай ауданымызда бірінші рет ашылып отыр.
М.Шәменов көшесі бойында орналасқан бөбекжай ғи­мараты заманауи үлгіде қайта жаңғыртылған. Балабақша ауласына ағаш көшеттері, гүлзарлар егіліп, көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Аулада балалардың ойнауына барлық жағдай жасалған. Балабақшаға балалар аудандық білім бөлімінің жолдамасымен қабылданады. Қазіргі таңда бөбекжайда 1-3 жасқа дейінгі 60 бала қамтылып, үш топта тәрбиеленуде.
Бөбекжайда тәрбие жұмыстары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Барлығы 16 адам жұмыспен қамтылып, әр топта екі ауысым бойынша 3 тәрбиеші, 4 тәрбие көмекшісі жұмыс жасайды. 4 жоғары білімді 1 арнаулы орта білімді педагог қызметкерлері дәріс береді. Сонымен бірге мұнда арнайы маман балаларға ағылшын тілін үйретуде.
Дүние есігін ашып, тәй-тәй басқан бөбектермен тіл табысып, тәрбие беру – үлкен жауапкершілікті, аналық сезім мен мейірім шуағын қажет етеді. Жаңадан ашылған жеке меншік бөбекжайда болғанымызда тәрбиешілер Гүлсім Мырзалы, Қаламқас Тілеубергенова, Гүлзада Сәуірованың жұмысын көріп, көңіліңіз толады.
– Біздің бөбекжайдың ерекшелігі сол, біріншіден 1 жас пен 3 жас аралығындағы балалар қабылданып, тәрбиеленеді. Сондай-ақ, бөбекжай тәрбиешілері әр аптаның сенбі күні де жұмыс жасайды. Әрине, бұл әр салада жұмыс істейтін ата-аналар үшін тиімді болып тұр, – дейді бөбекжай меңгерушісі Бағжан Айбекова. – Сондықтан тұрғындар тарапынан сұраныс артып отыр.
Жеке кәсіпкер, құрылтайшы Н.Тоқтамысова ата-аналардың сұра­ныс­тарына орай тағы да 60 орындық жекеменшік балабақша ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Екі қабатты ғимараты дайын тұр. Енді қайта жөндеп, жаңғырту жұмыстарын жүргізсе болғаны. Құдай қаласа биылғы жылы тұрғындар тілегі орындалып, бөбектер бақытқа кенелетін күн жақын.

Серік БЕРТАЕВ.
17 сәуір 2018 ж. 983 2

Гость Jeaplause от 23 ақпан 2019 15:42
Cheapest Us Pharmacy For Viagra Vente Cialis En France Cose Clomid canadian pharmacy cialis 20mg Posologie Viagra 50 Comprare Viagra In Spagna

Гость Jeaplause от 12 наурыз 2019 17:44
Cialis Femme Levitra Tabs le levitra en ligne Amoxicillin Dosage For Tooth Infections Lasix Deutschland Amoxicillin Capsule Pink And Blue

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031