ЖАҢА ҚОНЫСҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУШІЛЕР ҚАТАРЫ АРТАДЫ
Жақында Елбасы халыққа «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын арнады. Саяси құжаттың үшінші тарауында өмір сүруге жайлы орта қалыптастыруға тереңірек тоқталған. Онда «Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің, сапалы инфрақұрылымның болуы» деп, тұрғын үй құрылысына серпін беріп отырған мемлекеттік бағдарламаларды атап өтті.
Қуантарлығы, елімізде халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде құрылыс саласы қарқынды даму үстінде. Салаға серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында да қаншама қазақстандық баспаналы болуда. Бұл бағдарламаның бір ерекшелігі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде тиімді жақтарын барынша арттырған. Бүгінгі күні табысты бағдарлама болып отыр. Бұдан бөлек, өздеріңізге белгілі, жуырда жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы іске қосылды. Аталған бағдарламаның бұдан бұрынғы жобалардан ерекшелігі көп. Жылдағы пайыздың мөлшерлемесі 7 пайызды құраса, бастапқы жарна – 20 пайыз. Несиені 25 жылға дейін ұзартуға болады.
Қарап отырсақ, аталған бағдарламаның қазақстандықтар үшін тиімді тұстары көп. Баспанасыз жүргендердің бағы ашылып, жайлы қоныс тауып жатса құба-құп. Онда мемлекет ұсынған жеңілдіктің шынымен де халық үшін қайырлы болғаны.
Нұрсұлу САХИ,
белсенді жас.
Пікір 535