» » Оқушы жерлеу ескерткіштерінің 3 D моделін жасап, Ресейде төрт номинацияға ие болды

Оқушы жерлеу ескерткіштерінің 3 D моделін жасап, Ресейде төрт номинацияға ие болды

Конкурс Ресей ғылым академиясы және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жаһандық үрдістер факультетінің қолдауымен ұйымдастырылған.

ÐÒÑÑÑ Ð¶ÐµÑÐ»ÐµÑ ÐµÑкеÑÑкÑÑÑеÑÑнÑÒ£ 3 D моделÑн жаÑап, РеÑейде ÑÓ©ÑÑ Ð½Ð¾Ð¼Ð¸Ð½Ð°ÑиÑÒа ие болдÑ

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Зарина Мұстафина В.И. Вернадский атындағы ХХV Бүкілресейлік жастар ғылыми-зерттеу конкурсының жеңімпазы атанды, деп жазады pavlodarnews.

Бұл туралы білім ордасының баспасөз қызметі мәлім етті. Конкурс Ресей ғылым академиясы және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жаһандық үрдістер факультетінің қолдауымен ұйымдастырылды. Мәскеуде өткен байқауға Зарина онлайн режимінде қатысып, скайп арқылы сұрақтарға жауап берген. Ол Кемпіртас ескерткіші негізінде «Ертіс өңіріндегі қола дәуіріне жататын жерлеу ескерткіштерінің ерекшеліктері» тақырыбындағы зерттеу жұмысын жазған. Жыл бойы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Лаура Байханова және «Margulan centre» орталығының ғылыми қызметкері Елена Тушевамен бірге жұмыс істеген. Зерттеу барысында жерлеу ескерткіштерінің 3 D моделін жасаған. Нәтижесінде Зарина бірден бірнеше грамотаға ие болып, «Байқау жеңімпазы лауреатының дипломы», «Ежелгі зерттеуге заманауи технологияларды енгізу бойынша мақтау қағазы», «Үздік далалық зерттеулер» және «Үздік көрнекілік материал» номинациясы бойынша марапатталды.

"Бұл жобаға қатысу мен үшін өте қызықты болды, себебі бұл менің алғашқы ғылыми жұмысым. Ата-бабаларымыздың тарихын зерттеумен қатар, 3 D модельдеу дағдыларымды қалыптастыра алдым. Компьютерлік технология арқылы 3 D моделін жасау бүгінгі күнге дейін белгілі бір кезеңдегі көне архитектуралық құрылыстың қандай болғанын көрсетуге мүмкіндік береді. Оған археологиялық және тарихи зерттеу арқылы қолжеткізуге болады" - дейді Зарина Мұстафина.


ERNUR.KZ
10 қазан 2018 ж. 601 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031