» » ӘСКЕРГЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

ӘСКЕРГЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніңдегі біріктірілген бөлімде кент ардагерлері Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы тұрған жастарға ақ жол тілеп, әскерге шығарып салды.

Шараға "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева, кент ардагерлері кеңесінің төрағасы Біржан Көштаев, Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніңдегі біріктірілген бөлімнің басшысы Ерсайын Бегімқұлов, ардагер Жайшылық Ағыбаев және ата-аналар қатысты.
Әскерге алынатын жастардың дені болашақта әскери қызметкер болуды армандайды екен. Олар әскер қатарында болу әр азаматтың борышы деп есептейді. Шығарып салу рәсімінде Мағжан Қонысбаев, Жасұлан Ақсейіт, Нұрқаділ Ерасыл, Жасдәурен Сейдатулла әрбір азамат Отан алдындағы борыштарын өтеуге міндетті екенін айтып, ауданға абыроймен оралуға серт берді. Сондай-ақ, алдағы уақытта әрі қарай елге адал еңбек етуді мақсат ететіндерін жеткізді.
Жастардың талабына сәттілік тілеген ардагерлер ел алдындағы борышын ойдағыдай өтеп келулеріне тілектестік білдірді. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиевтің естелік сыйлығы табысталып, ақсақалдар батасын берді.

Н.ҚАЗБЕКОВ.
27 қазан 2018 ж. 1 640 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 444

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930