» » Жаңбыр жауса үйінен қашатын ақтөбеліктер әкімдіктен көмек сұрады

Жаңбыр жауса үйінен қашатын ақтөбеліктер әкімдіктен көмек сұрады


АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Ембі қаласындағы көпқабатты үй тұрғындары жаңбырлы күні үйін тастап, далаға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ембі қаласындағы тұрғындар бір кездері көпқабатты үйді тастап кетіп, соңғы жылдары қайта қоныстанды. Дегенмен бұл қалада тағы екі көпқабатты үй бос тұр. Ал өз күштерімен пәтерін жөндеп алған тұрғындар жазда сусыз отырады, қыстан тоңып шығады. Ал жаңбырлы күні төбеден су сорғалап, ток соғады. «Көпқабатты үйде 6 жылдан бері тұрамын. Үйіміздің сырты қапталмаған, төбесі жабылмаған. Күз бен көктемде төбемізден су ағып, мазамызды алып тұр. Жыл сайын 15-20 мың теңгеден ақша жинап, төбемізді жамап қоямыз. «Терможаңғырту» бағдарламасына келісеміз, несие төлесек те болады. Жыл сайын әкімдікке барамыз, олар уәде беруден шаршаған емес», - қала тұрғыны Қаламқас Көшербаева. Ембі қаласындағы көпқабатты үйде жылу жиі тоқтатылады. Себебі, жертөледегі құбырлар шіріп, су кетіп қалады. «Өзім зейнеткермен, медбике болып жұмыс істедім. Бұл үйде 1985 жылдан бері тұрамын. Жыл өткен сайын үйіміздің жағдайы кетіп, халі мүшкіл күйге түсті. Шатырды жөндеуге өзіміз ақша жинаймыз. Әкімдікке барған кезде 100 мың теңгеден жинап, несие алу жолдарын ұсынды. Жылу болмаған күні пеш қосамыз»,- деді көпқабатты үй тұрғыны Галина Носарева. Осы үйде 2011 жылдан бері тұратын Мәдина Аймағамбетова төбеден су аққан кезде ток соғып, далаға қашып шығатынын айтып берді.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/zhanbyr-zhausa-uyinen-kashatyn-aktobelikter-akimdikten-komek-surady_a3439932
29 қазан 2018 ж. 641 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930