» » Ақтөбеде үйлері өртенген тұрғындар оттан қалай қашқандарын айтты

Ақтөбеде үйлері өртенген тұрғындар оттан қалай қашқандарын айтты

ÐÒÑөбеде үйлеÑÑ Ó©ÑÑенген ÑÒ±ÑÒÑÐ½Ð´Ð°Ñ Òалай ÒаÑÒандаÑÑн айÑÑÑАқтөбеде көпқабатты үйде өрт шығып, тұрғындардың зәресін алды. От үшінші қабаттағы пәтерден тұтанып, бас-аяғы 10 минуттың ішінде үйдің шатырына дейін жеткен. Оттың ортасынан қашып шыққан тұрғындар болған жайды баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға болған орынға барлық құтқару қызметі мен өрт сөндірушілер шақыртылды.
Өрт басталған тұста үйде 200-ге жуық адам болыпты. Қайта өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда тұрғындар қатты шошып қалған.
Тұрғын үйдің балкондары мен сырты пластикамен қапталғандықтан, өрт тез арада тарап үлгерген.
Өрт бірнеше сағат бұрын сөндірілсе де, тұрғындар әлі де абдырап жүр. Отты көргенде қолдарына түскен затты алып, сыртқа асыққан.
“Өртті көргенде подъезге жүгіріп шықтым. Көмек сұрап, айқайладым. Тонымды ала шығыппын, оны қайтетінімді білмеймін. Құжаттардың бәрі өртеніп кеткен шығар”, – деп жылайды тұрғындардың бірі.
Құтқару бөлімінің қызметкерлері мен өрт сөндірушілер, сондай-ақ, ақ халаттылар тұрғындарға барынша көмек көрсетуге тырысты. Қайта аса ауыр жарақат алған да ешкім жоқ. Тек қатты қорқып, психологиялық тұрғыдан шошып қалғандары бар. Бірнеше адамның қан қысымы көтерілген. Оларға алғашқы көмек көрсетілді.
Өрт салдарынан бір подъездің алтыншы қабатында орналасқан пәтерлердің бәрі жарамсыз болып қалған. Сондай-ақ, төменгі қабаттағы пәтерлерге де зақым келген. Сондықтан да қанша отбасының үйсіз қалғаны әзірге беймәлім. Өрт болған жерге қала әкімі де жеткен. Ол зардап шеккендердің жағдайын жасауға уәде берді.

stan.kz
05 қазан 2018 ж. 630 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 718

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031