» » Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі жоғалғанда не істеу керек?

Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі жоғалғанда не істеу керек?

Мемлекеттік тіркеу нөмірі - жүргізушінің кім екенін анықтауға және автокөлік туралы барлық қажетті ақпаратты табуға мүмкіндік беретін кез келген көлік құралының белгісі. Осы себепті Tengrinews.kz тілшісі тіркеу нөмірі жоғалған жағдайда не істеу керектігін және айыппұлдың бар-жоғын анықтап көрді. Алматы қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы полковник Жандос Мұраталиев нөмірді жоғалтқан жағдайда айыппұл қарастырылмағанын айтты.  


"Ең алдымен тұратын мекенжайыңыз бойынша немесе жоғалтқан жердегі аудандық ішкі істер бөліміне өтініш жазу керек. Өтініш негізінде сізге мемлекеттік нөмір жоғалды немесе ұрланды деген анықтама беріледі. Кейін бұл анықтамамен арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына барып, ескі нөміріңізді қалпына келтіріп немесе жаңасын ала аласыз. Жаңа нөмірді жасау үшін 5 мың теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеуге тура келеді. Ал бір нөмір ғана болса, шамамен 2500 теңге шығады. Кейін өтінішті нөмір дайындауға жібереміз. Әдетте бұл 3-тен 7 күнге дейін созылады", - дейді Жандос Мұраталиев. Жүргізуші жаңа нөмір алғысы келсе, оның ескі нөмірі есептен шығарылады және техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмірі ауысады. Ондайда жаңа техникалық төлқұжат үшін қосымша 1 АЕК (2405 теңге) төлеу қажет.  Мұраталиевтің айтуынша, мемлекеттік нөмір арнайы халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған емес қолдан жасалған болса, ол жалған болып саналады. "Мұндай жағдайға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мемлекеттік нөмірлерде арнайы белгі, голограмма бар. Камера жалған нөмірді байқамауы мүмкін, бірақ полиция қызметкерлері оны байқай алады. Ол үшін 10-нан 15 АЕК-ке дейін айыппұл салынады", - деп түсіндірді басқарма басшысы.

 Сондай-ақ полицейлер нөмір автомобильден түсіп қалмауы үшін, оны қаттырақ бекітуге болады дейді. "Мемлекеттік нөмірді қосымша бұрандалармен немесе пластикалық бұраумен орнатуға болады. Ең бастысы, бұрандалар нөмірдің сыртқы бейнесін өзгертпеуі керек. Оларды сандар немесе әріптердің үсіне орналастыруға болмайды. Ол жалған мемлекеттік нөмір болып есептеледі. Жалған мемлекеттік нөмірді орнатқаны үшін 15 АЕК (36 075 теңге), ал онымен автокөлік жүргізгені үшін бір жылға жүргізу куәлігінен айырылады немесе 20 АЕК (48 100 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады", - деп атап өтті Жандос Мұраталиев.
31 қазан 2018 ж. 906 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031