» » КӨШЕ КІТАПХАНАСЫна келіңіз

КӨШЕ КІТАПХАНАСЫна келіңіз

Aудандық мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен кент орталығында орналасқан көше кітапханасының ашылу салтанаты өтті. Шараға кент ардагерлері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Бұл кітапхана оқырманның қуанышын еселей түскендей. Шараға жиылғандар мұндай жобаның өңірде жүзеге асқанына өз ризашылықтарын жеткізді. Сондай-ақ, кітапхананың тұрақты оқырманы Қожатай Құлмахан кітапхана қорына 10-нан астам түрлі жанрдағы кітап тарту етсе, ардагер-ақын Қалжан Өтегенқызы өз туындысын көпшілікке ұсынды.
Айта кетейік, бұл кітаптар сөресі жұрт көп шоғырланатын халыққа қызмет көрсету орталығы және аудандық емхана жанына орналастырылған. Алдағы уақытта оқырманның сұранысына орай кітапхана санын көбейту жоспарда бар. Осылайша кітапхана қызметкерлері тұрғындардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылықтарын арттыруды көздейді.
Көше кітапханасының ерекшелігі, кез келген тұрғын өзіне ұнаған кітапты алып оқуға мүмкіндік бар. Тек, сөредегі туындыны қайта орнына әкеп қойса болғаны. Сонымен бірге, әрбір оқырман кітап қорын толтыруға да болады.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.

10 қараша 2018 ж. 906 0