Шығыс Қазақстанда бір бас бұғыға 10 мың теңге субсидия төленеді
Астана, BAQ.KZ. Бұғы шаруашылығына субсидия бөлінді. Бұл туралы ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Асқар Жақыпбаев мәлімдеді. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
Осыдан бір жыл бұрын облыстық мәслихат депутаттарының бастамасымен бұғы шаруашылығына облыстық бюджеттен субсидия бөліне бастаған болатын. Саланы қаржылай қолдау шарасы биыл да жалғаспақ.
«Қазір бұғы өсіретін шаруа қожалықтарынан субсидияға қажет құжаттар қабылдап жатырмыз. Былтырғыдай әр басқа 10 мың теңге төленеді. Бұл қожалықтар үшін әжептәуір көмек», - дейді Асқар Жақыпбаев.Baq.kz
Пікір 2