» » ЖАЙЛЫ ҚОНЫС, ЖАҚСЫ ЖҰМЫС ҚАЙДА БАР?

ЖАЙЛЫ ҚОНЫС, ЖАҚСЫ ЖҰМЫС ҚАЙДА БАР?

Өткен аптада мәдениет және өнерді дамыту орталығында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Солтүстік Қазақстан облыстарына өз еркімен қоныс аударуға ниетті тұлғаларға бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Осы ретте айта кету керек, Солтүстік Қазақстанға былтырғы жылы 3 отбасы қоныс аударып, оның барлық мүшелері тұрақты жұмыспен қамтылған және тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттен субсидия берілген. Биылғы жылы да 3 отбасы қоныс аударып отыр, оларға субсидия беру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Берілген субсидияға қоныс аударушы тұрғын үй сатып алуға немесе жалға алуға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге толықтай мүмкіндік алады.
Жиында жұмыс берушілер делегациясы өкіл­дерінен Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Г.Абулкаирова, Сол­түстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры С.Кима­нов, аталған ауданның білім бөлімінің маманы А.Жүсіпов және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Э.Құттымбетовалар аудан тұрғындарына кеңес бер­ді. Тұрғындарға бейнекөрсетілім арқылы Айыр­­­­тау ауданының табиғаты, ондағы халықтың әлеу­меттік, экономикалық жағдайы, жұмыс көздері көр­сетілді. Мұнан соң, жұмыс беруші делегация өкілдері ұсынылып отырған жұмыс түрлерін, алдымен барып көремін деушілерге көрсетілетін көмек, қолдауларды түсіндіріп өтті. Жалпы, Айыртау ауданында кәсіп көзі бар. Онда балмұздақ жасайтын өндіріс орны, мал шаруашылығымен айналысамын деушілерге ауыл шаруашылығына қолайлы, шұрайлы жер де бар. Сондай-ақ, пән мұғалімдеріне де он сегіз сағаттық жұмыс табылады.
Жоғары білімді мамандар мен жұмысқа ынталы топтарды тарту арқылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін азайтып, мәселені шешу мақсатында ұйымдастырылып отырған жәрмеңкенің маңызы зор. Жақсы жұмыс, жайлы қоныс іздегендерге таптырмас мүмкіндік. Жұмыс көзі көп, қажетті маман жоқ. Ендеше, Солтүстікке асығыңыз, ағайын!

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ,
М.АХМЕТОВ, (сурет).
22 мамыр 2018 ж. 912 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930