Алдағы үш күнде ауа райы жылынады
«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамына сәйкес, еліміздің көптеген өңірінде болған қатты аяз басылады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі
29 қаңтардан 30 қаңтарға дейін Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында аяз басылып, аптаның аяғында түнгі ауа температурасы -35-41 градустан -15-23 градусқа дейін, қүндіз -25-33°C градустан -7-15°C дейін көтеріледі.
Оңтүстік аймақтарда түнгі температура -21-35 градустан -5-13 ° C градусқа дейін, күндіз -15 -2 градустан -2 + 3 ° C градусқа дейін көтеріледі.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда синоптиктер орталық, солтүстік және шығыстағы облыстарда қатты аяз болатыны туралы дабылды ескерту жасаған болатын. Одан кейін қатты аяз еліміздің оңтүстік аумақтары Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына да жетіп, 29 қаңтарға дейін осы ауа райына байланысты дабылды ескерту жасалды.