» » Халықаралық пойыз билеттеріне бір жыл бойы 58% жеңілдік жасалады

Халықаралық пойыз билеттеріне бір жыл бойы 58% жеңілдік жасалады

Жолаушылар пойыз жүргенге дейін 45 күн бұрын билетті базалық құнынан 58% арзанға ала алады. 

ХалÑÒаÑалÑÒ Ð¿Ð¾Ð¹Ñз билеÑÑеÑÑне бÑÑ Ð¶Ñл Ð±Ð¾Ð¹Ñ 58% жеңÑлдÑк жаÑаладÑ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мемлекетаралық пойыздардың жолаушыларына жеңілдіктер берілетінін мәлімдеді. Жеңілдігі бар билеттерді сату басталып та кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

Компанияның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жеңілдік беру науқаны 2019 жылдың 2 қаңтарынан 28 желтоқсанға дейін жалғасады. Жолаушылар пойыз жүргенге дейін 45 күн бұрын билетті базалық құнынан 58% арзанға ала алады. Ал пойыздың жүру уақыты жақындаған сайын, бос орындардың азаюына байланысты, билеттің бағалары да қымбаттай түседі. Жеңілдіктер пойыздың жолға шығар уақытының алыс-жақындығына байланысты, билеттің базалық құнынан 58%, 55%, 45%, 35%, 25% және 15% болып белгіленген.

Бұл ретте атап өтерлігі, аталған жеңілдіктер халықаралық бағдардағы пойыздарға ғана беріледі, мемлекет ішіндегі рейстерге, сондай-ақ ұжымдық жолаушылар тобына таратылмайды.


ERNUR.KZ
23 қараша 2018 ж. 985 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30