» » «МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» қандай жағдайда көмек көрсетеді?

«МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» қандай жағдайда көмек көрсетеді?



Елімізде заңға сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс жасап келеді. Бұл жүйе жұмыс жасайтын азаматтардың мүдделерін қорғап, жоғалтқан табысының белгілі бір мөлшерін тағайындауды көздейді. Мұны «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ облыстық филиалының бас маманы Салтанат Күзімбетова айтты.

“Мәдениет және өнерді дамыту” орталығында “Бірыңғай жинақтау зинетақы қоры” АҚ облыстық филиалының өкілдері мен облыстық мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мамандары жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесуді ашқан “БЖЗҚ” АҚ аудандық қызмет көр­сету орталығының басшысы Аяна Маханова­ өңірге келген ақпараттық түсіндірме тобының өкілдерімен таныстырып, зейнет жасына шыққан азаматтарға зейнетақы тағайындау тәртібін түсіндірді.
Айта кетейік, осы жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасына 6 ай қосылды. Осылайша, 2028 жылы әйелдер мен ерлердің зейнетке шығу жасы теңестірілмек. Сонымен бірге, зейнет жасына шыққан салымшылардың қордағы қаржысын беру заңнамасында да өзгерістер енгізілген болатын. Осы және басқа да зейнетақы жинақтарының жай-күйін айтқан “БЖЗҚ” АҚ облыстық қызмет көрсету орталығының бас маманы Жанар Жәрімбетова көпшіліктің ой-пікірімен бөлісті.
Жиында салымшылар тарапынан «зейнетақы қорындағы қаржыны уақытынан бұрын шешіп алу мүмкін бе?» деген де сауал қойылды. Бұған жауап берген мамандардың сөзінше, егер сіз ҚР аумағынан тыс жерге қоныс аударсаңыз немесе денсаулығыңызға қауіп төніп, (І және ІІ топтағы) мерзімсіз мүгедектік тауқыметіне душар болған жағдайда, сондай-ақ, салымшы қайтыс болған кезде оның зейнетақы қорындағы қаржы мұрагерлеріне беріледі екен. Мұнан басқа жағдайда зейнетақы жасына жетпей, қаржыны шешіп алу мүмкін емес.
Ал, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілі С.Күзімбетова әлеуметтік аударымдардың мөлшерін айтып, бұл көмек кімдерге тағайындалатынын жеткізді.
– Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 6 түрлі төлем жүргізіледі. Біріншісі, еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайында, асыраушысынан айырылу жағдайында, жұмысынан айырылу жағдайында, жүктілігі және босануына байланысты табысынан айырылу жағдайында, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайында және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайында қор көмек көрсетеді. Жұмыс берушi – әлеуметтiк аударымдарды төлеушi. Жалдамалы жұмысшыларға әлеуметтік аударымдарды төлеуді жұмыс беруші, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар әлеуметтік аударымдарды есептеу обектісінің 3,5 мөлшерінде жүргізіледі. Қорда жинақталған қаржы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына, ал, егер асыраушысынан айрылған жағдайда – оның отбасы мүшелеріне тағайындалады, – деді ол.

Н.ҚАЗБЕКОВ,
М.АХМЕТОВ (сурет).

24 қараша 2018 ж. 1 613 2

Гость Jeaplause от 1 наурыз 2019 02:37
Buy Online Viagra 100mg Acheter Viagra Sans Ordonnance France Amoxicilina Free Consultation cialis generic Commander Kamagra Pas Cher Tomar Viagra Sildenafil

Гость Jeaplause от 17 наурыз 2019 01:03
Sale Isotretinoin Roacutan Website Cheapeast Viagra Tarif Pharmacie Order Celexa Online cialis 20mg price at walmart Effects Of Keflex Antibiotic Xenical Online Bestellen Schweiz Cialis Buen Precio

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930