» » МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі, медициналық қызмет қажеттігі туындаса, сақтандырылған науқасқа қордағы жиналған ақша кепілдік береді. Бүгінде ауданның денсаулық сақтау саласы осы жүйемен жұмыс жасауда.
Жуырда аудан әкімдігінде өңір басшысы Қ.Сәрсенбаевтың төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енуге дайындық жұмыстары туралы мәжіліс өтті. Жиында күн тәртібінде қойылған: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды заңдастыру бағытындағы өзекті мәселелер бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Э.Құттымбетова хабарлама жасады. Оның айтуынша, МӘМС жүйесінің енгізілуіне байланысты бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және ел экономикасы мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасы бекітіліп, соның негізінде ағымдағы жылы аудан бойынша статусы анықталмаған 5153 адамның 42,4 пайызы өзектендірілген. Қалғаны 2969 адам. Сонымен бірге, өзектендіру мәселесінде қиындық туғызып отырған нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар санаты. Жыл басындағы 3113 нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың 35,7 пайызы өзектендірілген. Нәтижесіз жұмыспен қамтылған 2160 адамға сауалнама жұмыстары жүргізіліп, 2160 адамның 50,6 пайызы әлеуметтік аударымдарды аудармайтынын білдірсе, ал 49,4 пайызы жұмыспен қамту шараларына қатысудан бас тартып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген уақыттан бастап әлеуметтік жарналарды өздері аударып отырғанын жеткізген.
Сонымен бірге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарының атқарылу барысы туралы амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің ішкі бақылау және пациенттерді қолдау қызметі бойынша орынбасары Г.Каюпова айтып өтті.
– Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндірме жұмыстары ауқымды түрде 2017 жылдан бастау алған болатын. Мекеме жанынан құрылған жұмыс тобы және облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған жұмыс тобымен елді мекендерге бекітілген кесте бойынша жұмыстар жүргізіліп, әрбір елді мекенде 3 реттен жаңа жүйе туралы халықты хабардар етті.
2018 жылы МӘМС жүйесі бойынша 2018-2019 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасы бойынша медиа-жоспар бекітілді. Жоспар аясында мекемеде түсіндірме-ақпараттық жұмыстарын жүргізуге жұмыс тобы қайта құрылды. МӘМС жүйесін енгізу мерзімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне және заңдылықтардың өзгеруіне байланысты медициналық қызметкерлер мен басқа да қызметкерлер арасында ақпараттандыру жұмыстары қайта жандандырылды. Сондай-ақ, аудан әкімдігі жанынан өңірлік штаб құрылып, тиісінше жұмыс жасады. Жоспарға сәйкес кент орталығы мен елді мекендерде жұмыс тобымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сақтандыру жүйесі, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөнінде халыққа ақпараттар берілгенін айтқан сала маманы алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.
Мұнан өзге, мәжіліс барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша түсімдер туралы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Д.Қосбергенов айтса, МӘМС жүйесін енгізуге дайындық барысын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАК Қызылорда облыстық филиалының бас сарапшысы А.Рахымов пысықтады. Ал, күн тәртібіндегі соңғы мәселе – елімізде жүзеге асырылып жатқан «Еңбек шартын жасаңыз!» атты жалпы республикалық акциясының азаматтарға арналған МӘМС салаларындағы кепілдіктері жөнінде Қызылорда облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Н.Хапахов жан-жақты түсіндірді.
Жалпы, МӘМС жүйесі денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі, медициналық қызмет қажеттігі туындаса, сақтандырылған науқасқа қордағы жиналған ақша кепілдік береді. Анығырақ айтқанда, МӘМС-тің негізгі мақсаты – халықтан түскен жарнапұл арқылы денсаулық сақтау саласын дамыту, жетілдіру. Заманауи технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз етіп, медициналық қызметтің сапасын арттыру арқылы қазақстандықтардың өмір сүру дағдысын жақсы жағына өзгерту болмақ. Айта кету керек, осы мәселеде 14 категорияны мемлекет өз қамқорлығына алып, жарнапұлды үкімет тарапынан өтеуді жолға қойып отыр. Олардың қатарында: 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған аналар, аяғы ауыр әйелдер мен 3 жасқа дейінгі баласы бар нәзікжандылар, студенттер және оқуды аяқтаған соң 3 ай мерзімде, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен теңестірілген азаматтар және зейнеткерлер бар.

Н.АЛМАСҚЫЗЫ,
М.АХМЕТОВ (сурет).
03 шілде 2018 ж. 1 021 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930