Қыс мезгілінде шаш үлгісін сақтаудың әдісі табылды
Сәнгер әрі бьюти-редактор Эрика Смит қыс мезгілінде шаш үлгісін қалай сақтауға болатыны туралы кеңестерімен бөлісті.
Сәнгердің сөзінше, біріншіден, жастықтың тысы жібек матадан болғанына мән берген дұрыс. Себебі қыста шаштың ұшы суық ауаның салдарынан зақымданады. Алайда жібек мата оларға келетін зиянды төмендетеді екен, деп жазады The Cut басылымына сілтеме жасап Stan.kz.Өз сөзінде Смит шаштың барынша ылғалдандыруға мүмкіндік беретін 3 кезеңнен тұратын шаш күтімін жасауға кеңес берді. Мысалы, мұндай күтім сусабын, шашқа арналған кондиционер мен майлардан тұрады.
Сондай-ақ, маман қыздарға бини бас киімін (тоқылған, бауы жоқ бас киім) таңдауды ұсынды. Оның астындағы мата атлас болғаны дұрыс. Сонда шашыңызға көп зиян тимейді, дейді Смит.
Сонымен қатар Смит шашқа арналған ылғалдандыратын маска мен үй ауасын ылғалдандырғышты пайдалануға кеңес берді.
Stan.kz