» » Бала кішірейеді: Шай мен кофенің жүкті әйел үшін зияны анықталды

Бала кішірейеді: Шай мен кофенің жүкті әйел үшін зияны анықталды

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð±ÐµÑÐµÐ¼ÐµÐ½Ð½Ð°Ñ Ð¶ÐµÐ½Ñина

Кофеиннің жүкті әйел үшін қаншалықты зиян екені анықталды. Кофеиннің салдарынан іштегі бала кішірейеді. Мұны ирландиялық зерттеушілер анықтады. Олардың зерттеу жұмысы American Journal of Clinical Nutrition басылымында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

Мамандар 941 ана мен олардың балаларын зерттеуге алды. Нәтижесінде әйелдердің 48%-ы кофеинді шайдан, ал 38%-ы кофеден алатыны белгілі болды.
Ақырында зерттеушілер мынадай байламға келді: алғашқы триместр кезінде әрбір артық 100 миллиграм кофеин тұтынған әйелдің сәбиі күніне 72 граммға кеміп отырған. Сондай-ақ, бас шеңберінің ұзындығы мен биіктігі кеми түскен, гестациялық жасы (баланың ана құрсағында өткізген уақыты) қысқарған.
Кофеинді көп тұтынған аналардың балалары аз тұтынғандармен салыстырғанда 170 граммға кем болып туылған. Бұдан бөлек, жүктілік кезінде құрамында кофе бар сусындарды көп ішкен әйелдер босанатын кезде қиналған.
Мамандардың айтуынша, жүкті әйел тұтынатын кофеин мөлшері күніне 200 миллиграмнан аспауы тиіс. Ғалымдардың сөзіне сенсек, кофеиннің аз ғана мөлшері сәбиге кері әсерін тигізуі мүмкін.


Stan.kz




25 қараша 2018 ж. 1 575 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930