Кәрім Мәсімов жаңа қауымдастықтың басшылығына келді
Астанада ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының төрағалығымен олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша республикалық федерациялардың қатысуымен отырыс өтті. Отырыста жаңа жекпе-жек түрлері қауымдастығы құрылып, оның басшылығына Кәрім Мәсімов келді.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Отырыс барысында олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша барлық республикалық федерацияларды бір қауымдастық аясына жинау мәселесі қарастырылды. Кездесуге республика бойынша аккредиттелген 20 федерация өкілі келді.
Шарада жаңа қауымдастықтың президенті сайланып, басшы құрамы бекітілді. Қатысушылардың ортақ шешімімен Кәрім Мәсімов ұйымның президенті қызметіне тағайындалды. Ал Әнуар Садықұлов оның бірінші орынбасары қызметіне келді.
Сондай-ақ, Нұрлан Ермекбаев Нұрлан, Рапиль Жошыбаев, Тәжімұрат Найзабеков, Серік Жарасбаев вице-президент қызметіне сайланды.
Айта кетсек, аталған қауымдастық 4 бағытта жұмыс істейтін болады. Олар: каратэ, жекпе-жек, қоян-қолтық жекпе-жек, ММА аралас жекпе-жегі.
Stan.kz