"Қарапайым болу керек": Әбдірахымов Шымкенттегі бай құдалық туралы айтты
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жергілікті екі зауыттың иесі өткізген құдалық туралы пікір білдірді. Дүркіреп өткен жиын видеосы желіде тарап, жұрттың қызығушылығын туғызған болатын.
"Мен бұл видеоны көрдім, тіпті оны кім өткізгенін де шамамен білемін. Қалай болғанда да екі жақтан құдаласып отырған кәсіпкерлер. Егер өздері қаласа солай өткізе берсін. Бірақ менің пікірімше, өмірде қарапайым болу керек", - деді әкім NUR.KZ порталының тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.
"Егер менің ұлым болса осындай керемет той жасаймын деген армандары болған шығар. Онда жүзеге асыра берсін арманын", - дейді Шымкент мэрі.
"Тойды видеоға түсіріп, елге көрсету үшін жасаған жоқ. Өз балалары үшін ұйымдастырды. Сондықтан мен оған қалыпты жағдай ретінде қараймын", - дейді ол.
"Шымкент көшелерінде ақыры тәртіп орнаттық. Бұрындары барлық жолды жауып тастап кортеж жасайтын. Қазір ондай жоқ", - деп сендірді Әбдірахымов.