» » Елімізге келіп жатқан мигранттардан туберкулез анықталуда

Елімізге келіп жатқан мигранттардан туберкулез анықталуда

Нәпақа тауып, отбасын асырау үшін осында жұмыс істеп жатқандардың ішінде құрт ауруын жұқтырғандар жетерлік. Алайда, шекарадан бері өқткен келімсектердің талайы ресми тіркеуден өтпейді екен.




Тасада қалғандарының ішінде қаншасы осы қауіпті дертпен ауыратыны жұмбақ. Оның үстіне, қазір бұл кеселдің дәріге дес бермейтін созылмалы түрі көбейіп келеді деп мамандар дабыл қағуда. Биыл туберкулезге шалдыққан мигранттардың қаншасы елімізге келді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елімізде соңғы 3 жылда 44 мың мигрант медициналық тексерістен өтіп, туберкулезге тексерілген. Нәтижесінде оның 1600-ге жуығының осы қауіпті дертке шалдыққаны белгілі болған. Құрт ауруын жұқтырғандардың 1200-дейі өз ішімізде ары-бері көшіп-қонып жүрген азаматарымыз болса, 400-ден астамы сырттан келген келімсектер екен. Дерт анықталғасын бір жыл ішінде емделмесе, жұқпалы ауру осы уақыт аралығында 10-15 адамға жұғуы мүмкін дейді мамандар.

“Көшіп келген адамдардың, көші-қон адамдардың санын ғана білеміз. Әр деректер бойынша ол 250 мыңнан адамнан жыл сайын 1 миллион адамға жету деген мүмкіндік бар дейді. Біреу айтады ресми түрде көшу-қону бар, ресми емес көшу-қону бар деп. Бірақ та осы іс-шаралардың арқасында жылына 100 мыңға дейін адамдай 100-110 мың адамдай флюрография скринигтен өтеді» – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық фтизопульмонологтя ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов.

Қазақстанға еңбек мигранттары үшін тартымды ел. Олардың көбі Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Ресейден келеді. Былтыр осы мемлекеттерден біздің елге табаны тигендердің 229-ының туберкулез тасымалдап жүргені белгілі болған. Ал биыл 165-інен осы дерт анықталыпты. Дегенмен, олардан біздегі қанша адамға қауіпті дерттің жұққанын ешкім жөп басып айта алмайды. Бір белгілісі, қазір елімізде құрт ауруымен күресіп жүрген 16 мыңнан астам адам бар екен. Олардың жастары 25-пен 55-тің аралығында.

«Туберкулезден бірнеше рет емделіп, одан кейін жөнді емдемей тиімсіз емделіп кейін туберкулездің көп дәріге төзімді түрлері пайда болады деген. Қазақстанда ондай науқастар бар. Бірақ қазіргі біздің қолданып жатқан еміміз соңғы екі жылдың ішіндегі. Сондай науқастарды 95 пайызға дейін емдеп шығуға мүмкіншілік беріп отыр» – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық фтизопульмонологтя ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов.

Бүгінде елімізде құрт ауруын екі сағатта анықтайтын озық технологиялар іске қосылған. “Бұрын кеселдің жұққанын білу үшін 2,5 айдан астам уақыт кететін. Қазір қажетті препараттардың барлығы қымбат болса да бар. Алайда, осы дәрілерге науқастардың бойы үйреніп, жазылуы да созылып кеткен жағдайдайлар көп” – дейді мамандар.

«Біздің Қазақстанмен медициналық серіктестігіміз 1993 жылы басталды. Сол уақыттан бері туберкулезбен бірге күресіп келеміз. ішіне рентген аппараты орнатылған және микроскопия жасайтын маманмен қамтылған автобус Қазақстанды аралап, туберкулезбен ауыратын науқастарды анықтайды» – дейді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының туберкулез жөніндегі бағдарламалар портфолиосы аға директоры Александр Трусов.

Республикамызда туберкулезбен күресуші мекемелерге жыл сайын 44 миллиард теңге бөлінеді екен. Оның 7 миллиарды препараттарға ғана жұмсалады. Тек қазақстандықтарды ғана емес, мигранттарды да емдеуге қыруар қаржы кетіп жатыр дейді мамандар. Мәселен, құрт ауруын жұқтырған шетелдік мигранттарың 80 пайызы Қазақстанда емделіпті.

Stan.kz 
06 желтоқсан 2018 ж. 539 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930