Бүгін - ел астанасы Алматыдан Ақмола қаласына көшірілген күн
Астана, BAQ.KZ. Осыдан жиырма бір жыл бұрын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қаласы (қазіргі Астана) 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы болып жарияланды.
Мұндай батыл шешім тұтас елдің еңсесі көтеріп, 300 мыңға жуық халқы бар Ақмола шаһарының өсіп-өркендеу кезеңін бастады. Ол үшін Президент арнайы байқау жариялап, әлемдік деңгейдегі сәулетшілердің үздік жобаларымен Еуразия жүрегіндегі жас мемлекеттің жаңа елордасын салу ісі басталды.
1998 жылдың 6 мамырында Елбасының Қаулысы бойынша, Ақмола атауы Астана болып өзгерді. Небәрі 20 жылдың ішінде Астана заманауи, өмір сүруге қолайлы әрі жаһандық деңгейде абырой-беделі артқан шаһарға айналды. Қазір қала аумағы 3 есе ұлғайып, тұрғындар саны 1 миллионнан асқан. Болжам бойынша 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 2 миллионға жетеді деп күтілуде.
Baq.kz
Пікір 2