» » ТАЛАБЫ ТАУДАЙ ТАЛАПКЕР

ТАЛАБЫ ТАУДАЙ ТАЛАПКЕР

Аймақта соңғы жылдары білім саласын ілгерілету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, қолға алған жобалар жемісін беруде. Оның нәтижесін тұтас облыстағы мәліметке сүйенбей-ақ, бір ғана Жалағаш ауданындағы білім саласының алға басуы­нан аңғаруға болады. Өңірдегі орта мектептерден түлеп ұшқан әрбір оқушының ЖОО-да білім алуға деген құлшынысы жоғары.
Жалпы, түлектер білімін таразылар тестте оқушыларымыз аудан абыройын асқақтатып келеді. Мұның бәрі мемлекет тарапынан жастардың білім алуына, тәжірибе жинауына жасалып жатқан қолдаудың жемісі деп білеміз. Оның үстіне соңғы 5-6 жылдың көлемінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев облыс әкімінің грантын жариялап, алға басқан саланың одан әрі дамуына жол ашты. Ал, 2014 жылдан бастап Мәскеу мен Санкт-Петербургтің озық оқу орындарында 452 қызылордалық студент Ресей федерациясы үкіметінің гранты есебінен білім алуда. Олардың қатарында жерлесіміз Дархан Жақсылық та бар.
Бұқарбай батыр ауылындағы №33 орта мектепте білім алған Дархан Жақсылықұлы Ресейдің Мәскеу қаласындағы «Мәскеу Болат және қорытпалар» ұлттық зерттеу университетіне оқуға түсуге тест тапсырады. Қорытындысында жоғары нәтижеге қол жеткізген талапкер аталған оқу орнында тәжірибе шыңдауға мүмкіндік алды. Төрт жыл «Металлургия» мамандығы бойынша тәжірибе жинақтаған жерлесіміз алған білімді одан әрі жетілдіруді көздейді. Осылайша аталған оқу орнының магис­тратурасын бітіруді мақсат етті.
Ізденімпаз Дарханға магистратуға өту кезіндегі сұрақтарға жауап беру қиынға соқпады. Қанша дегенмен төрт жылдық тәжірибе бар емес пе?! Мұнда да сұрақтарға жауап беру көрсеткішінің нәтижесі жоғары болды. Қазіргі таңда майталман маман болуды көздеген ол аталған оқу орнында өз білімін жетілдіруде.
Жерлесіміз алдағы уақытта оқуын аяқтап, елге қызмет етуді мақсат етіп отыр. Өз саласын дамытып, өңір әлеуетін көтеруді қажет деп тапқан Дархан Жақсылықұлы қолдаған елге қорған болсам дейді.
– Еліміздегі білім саласының бір ізге түсуіне жасалып жатқан қолдауды көріп, біз қандай бақытты елдің ұрпағымыз деп қуанып қалам. Жастардың, яғни, замандастарымның алдындағы жалғыз міндет – білім алып, сапалы маман иесі болу. Себебі, ізденуге келгенде қазір бізге үлкен қолдау бар. Оның игілігін көрген жастың бірі – менмін. Ресейде оқуға мүмкіндік жасаған аймақ басшысына рахмет. Бұл игі бастама дәстүрге айналып, әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Нәтижесінде, сырбойылық жастар Ресейде білім алуға мүмкіндік алды. Мен де қазіргі таңда Мәскеу қаласында білім алып жатырмын. Алдағы уақытта оқуымды тәмамдап, елге қызмет етсем деймін. Қолдайтын еліміз барда қашанда қорғаны болуға тиіспіз. Сондықтан, елге келіп еңбегімді сіңіру бас­ты міндетім деп есептеймін, – дейді жас талапкер.
Болашағын мемлекетпен байланыстырып, өңір әлеуетін көтеруді көздеген жастардың алдағы өмірге деген пайымды пікіріне қарап сүйсініп қаламыз. Іштегі елге деген ыстық ықыластың өзі неге тұрады?! Кемел келешекке деген осындай нық сеніммен қарыштауға дайын тұрған мамандардың қадамы сәтті болсын дейміз.
Облыс әкімінің грантымен шет елдерде білім алып жатқан жалағаштық жастар мұнымен шектелмейді. Биылдың өзінде аталған грантпен 7 талапкер Ресейдегі маңдайалды жоғары оқу орындарында тәжірибе шыңдауда. Барлығының мақсаты ортақ. Елге келіп, еңбек етсем дейді. Біз де талантты жастардың талабына сүйсіндік.

К.БАЛҒАБАЙ.
11 желтоқсан 2018 ж. 887 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930