» » Қайырымдылық қор қызылордалыққа үй алып берді

Қайырымдылық қор қызылордалыққа үй алып берді



«Харекет» қайырымдылық қорының кезекті баспанасы Қызылорда қаласының тұрғынына табысталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Баспана кілті қызылордалық мүмкіндігі шектеулі жан Рүстем Анафинге «Өнер қырандары» театрының Сыр өңіріне жасаған гастрольдік сапары кезінде табыс етілді. Өнегелі істерімен өзгелерге үлгі болып жүрген театр ұжымы мерекелік кеш барысында баспана кілтін салтанатты түрде табыстады.
Рүстем Анафин үш қызды тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке. Тағдырына мойымай, қыздары үшін алға қарай ұмтылған әке бұған дейін пәтер жалдап келген. Жаны жомарт жандардың қолдауымен баспанаға ие болған Рүстем Анафиннің елге және «Харекет» қайырымдылық қорына айтар алғысы шексіз.  
2017 жылы құрылған «Харекет» қайырымдылық қоры осы уақытқа дейін екі қызылордалық отбасыны баспанамен қамтамасыз еткен. Тиыннан теңге құрап, әрбір жанның қорға салған 1000 теңгесімен елге көп көрсетіп жүрген қайырымдылық қоры әлі талай жанның қоныс тойын тойлауына сеп болмақ.
Қордың Қызылорда облысындағы өкілі Баян Қарабекованың айтуынша, жыл соңына дейін республика бойынша 10-ға жуық үйдің кілті мұқтаж жандарға берілмек.
«Әр ай сайын көмек қолын созған барша абзал жандарға шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Қазақ елі осындай қарқынмен біріксе әлі талай игі істердің атқарылуына және қаншама Бауырларымыздың баспаналы болуына  сенімдіміз», - дейді Баян Қарабекова.
Гастрольдік сапармен ел аралап жүрген «Өнер қырандары» театры енді Ақтөбе қаласында мерекелік кеш өтікізіп, ақтөбелік азаматқа баспана кілтін табыстайтын болады.  



https://kyzylorda-news.kz
11 желтоқсан 2018 ж. 1 256 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 665

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30