» » "Аға, дұрыс сөйлеңіз": Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуылдаған жігіт өз шындығын айтты

"Аға, дұрыс сөйлеңіз": Жедел жәрдем жүргізушісіне шабуылдаған жігіт өз шындығын айтты

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісіне газ шашып жіберген 20 жастағы жігіт өз шындығын айтты. Оның сөзінше, жедел жәрдем көлігі жолды жауып, тура үй қақпасының алдында тұрған деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Фото: Видеодан кадр/ 31 арнаФото: Видеодан кадр/ 31 арна
Source: UGC
Рассказать ВконтактеРассказать в FacebookРасказать в Twitter

Сол уақытта анасын ауруханаға апармақ болған жігіт есік алдына шыға алмай қалады.
Артынша алматылық жүргізушіден көлікті жолдан ала тұруын сұрапты. Ал жүргізуші "Ол маған қазір көліктен түсетінін, сосын менің жағдайым жақсы болмайтынын айтты. Сосын мен "аға, дұрыс сөйлеңіз" дедім. Артынша ол қолындағы ұялы телефонын тастап, көліктен шықты.Содан соң маған "Не деп тұрсың, не керек?" деп сұрай берді. Мен оған "Аға, сізден дұрыс өтініп тұрмн ғой, дұрыс сөйлеңіз" деп айттым. Сосын ол мені ұстап, жұлқып жіберді.Сол кезде мен оны итеріп, артынша газ шаштым", - дейді Камиль.
Ал Камиль газ баллондарын тек иттерді қорқыту үшін ғана алып жүретінін айтты.
Сондай-ақ, алматылық өз ісіне өкінетінін жеткізді. Ал жігіттің әкесі болса, ұлы өз-өзін қорғананын айтқанымен, оның ісін ақтап отырған жоқ.
Жәбірленуші қазіргі уақытта қажетті ем -домдарды қабылдап жатыр. Азамат тілшілермен сөйлесуден бас тартқан.
Іске күдікті танылған азаматты полицейлер қүрықтаған. Алайда ешщқайда шықпайтыны туралы қолхат беріп, үйіне жіберіліпті. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Дереккөз: "Алматы" телеарнасы
14 желтоқсан 2018 ж. 656 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 041

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30