» » АУЫЛ – ұлт БЕСІГІ

АУЫЛ – ұлт БЕСІГІ

Аудандық Мәдениет және өнерді дамыту орталығында "Ауыл – ел бесігі" атты ауыл жастарының облыстық слеті өтті. Басқосуға, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері, өңірдегі белсенді жастар мен студенттер қатысты. Слетті аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов ашып, түрлі салада еңбек етіп жүрген ауыл жастарын марапаттады.

Марапат төрінен көрінгендердің қата­рында мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз кәсібін бастаған жас кәсіпкерлер, шаруа­шылық механизаторлары, жас мамандар бар.
Сондай-ақ, слет барысында «Zhas pro­ject» жастар корпусын дамыту жобасының жеңімпазы Ақмырза Махатай, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының грант бөлу жобасына қатысушы Айдар Мұқанбетқалиев, «Дипломмен - ауылға» жобасының қатысушысы Гүлжайна Ұзақова сөз алып, жастарды еңбек етуге шақырды.
– Бүгінгі ұйымдастырылып отырған облыстық слеттің негізгі мақсаты ауыл жас­тарының белсенділігін арттыру, жас­тарға патриоттық тәрбие беру, еңбекке, кә­сіпке және қоғамдық бел­сенділікке баулу болып табылады – дейді шараны ұйым­дас­тырушылар.

"ЖЖ" ақпарат.

15 желтоқсан 2018 ж. 905 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 066

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031