» » Астананың әуежайында қар барысы бейнеленген ұшақ көпшілік назарына ұсынылды

Астананың әуежайында қар барысы бейнеленген ұшақ көпшілік назарына ұсынылды



Жаңа Embraer 190-E2 ұшағының презентациясы Нұрсылтан Назарбаев халықаралық әуежайында өтті. Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Қар барысы бейнеленген ұшақ арқылы “Эйр Астана”әлемде жойылып бара жатқан жануарларды жиі еске салғысы келеді. Жаңа ұшақтар тек Қазақстанда ғана емес, Ресейге, Орталық Азияға, Кавказ бен Ұытайға ұшады деп жоспарланып отыр.
Әуекомпания директоры Питер Фостердің сөзінше, ұшақ алғаш рет 19 желтоқсан күні Астана- Алматы бағытында ұшуы керек.
“Бұл ұзақ рейстерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи технологиялық модель. Ол Embraer атты реактивті самолеттердің соңғы үлгісі. Сонымен қатар ұшақ керосинді майды тұтынудан ең үнемді саналады. Адамдар өздерін ыңғайлы және қауіпсіз сезіну үшін жоғарғы деңгейдегі жағдайлар жасалған”, — дейді ол.
Лайнердің құны — 34 миллион доллар.


Stan.kz

15 желтоқсан 2018 ж. 839 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930