Төл мерекеміз Түркияда тойланды
Бауырлас Түркия мемлекетінде еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі айрықша атап өтілді. Қазақстанның түрік еліндегі елшілігінің ұйытқы болуымен Анкарада шымылдығын түрген мерекелік қабылдау халқымыздың бай мәдениеті мен дәстүрінен сыр шертетін әсем кешке ұласты. Жиналғандар қазақтың халық әндерімен сусындап, ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Мыңға тарта адам бас қосқан салтанатты қабылдау еліміздің әнұранымен ашылды. Түркия Президентінің бас кеңесшісі Ялчин Топчу бастаған саясаткерлер мен әр саланың көш басында жүрген зиялы қауым өкілдері барша отандастарымызды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында тарихы тамырлас елдердің дипломатиялық қарым-қатынасы жыл өткен сайын өрістеп келе жатқанын жеткізді. Еліміздің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған бауырлас елде егемендік алған тұстан бастап бес мыңнан астам қазақстандық студент тегін білім алған. Берік ынтымақтастық қарым-қатынастардың нәтижесінде 25 жыл ішінде Түркия еліміздің тек құрылыс саласына 23 миллиард доллар инвестиция құйыпты. Одан бөлек ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, тау кен, формацевтика сынды сан саладағы бірлескен жобалар екі мемлекет үшін де тиімді нәтижесін берген. Алдағы екі үш жылда бұл бағыттағы серіктестік байланыстар одан ары қарқын алады деп көзделуде. Ялчин Топчудың сөзінше, қазір Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы екі көшбасшының, қос Астананың байланысы қарқынды дамып келеді. Сирия мәселесі бойынша Астана процесі қаншалықты нәтижелі болып жатқанына әлем куә. Бұл Қазақстанның әлемдік саясаттағы биік бітімгерлік беделін көрсетеді дейді ол. Сондай-ақ түрік зиялылары Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Қазақстан үшін ғана емес, бүтін түркі дүниесі үшін тарих тамырына қан жүгіртетін серпінді бастама деп есептейді. – Екі мемлекет арасындағы саяси байланыс өте жоғары деңгейде деп айта аламыз. Бұл жоғары деңгейдегі ынтымақтастықтың ең маңызды рөлінде біздің Елбасымыз тұр. Елбасымыздың түркі жұрты ішіндегі Түркияның саяси-қоғамдық тобының арасындағы беделі аса жоғары. Мұны тек қана Үкімет мүшелері немесе жоғары лауазымды тұлғалар ғана емес қарапайым халықтан сұрасаңыз да бірінші кезекте айтатыны Елбасымыздың түркі әлеміндегі рөлі, оның ішінде соңғы жылдардағы тек қана Қазақстан халқы үшін емес, түркі әлемі үшін жасаған игі бастамалары тұр. Бұл ретте Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін, Халықаралық Түркі академиясын айрықша атай кеткен жөн. Түркияның алдыңғы қатарлы тұлғалары Президентіміздің жуырда ғана жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түркі әлеміне шақыру ретінде бағалайды, тіпті түркі әлеміне жасалған монифест ретінде қабылдау қажеттігін атап өтуде. Бұл тараптан түркі мәдениетін, өркениетін әлемге таныту барысында ең алдымен өз арамызда бағдарламалық жобаларды жүзеге асырсақ деген ұсыныстар да жоқ емес, – дейді Қазақстанның Түркия республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы.
Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында өткен Елбасының түрік еліне ресми сапары барысында екі ел арасындағы бірқатар ауқымды жобаларға қол қойылған болатын. Бұл инвестициялық-коммерциялық жобалар ел экономикасын дамытуға соны серпін бермек. Бауырлас халықтардың рухани байланысын одан әрі нығайта түскен қабылдау кешінде Сүйінбай атындағы Алматы облыстық Филармонияның құрамына кіретін «Адырна» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен «Алтынай» халық би ансамблі қазақ өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, көпшілікті тәнті етті.
Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»
Анкарадан