» » Азаттығым – айбарым мен айбыным

Азаттығым – айбарым мен айбыным



Осыдан жиырма жеті жыл бұрын 16 желтоқсанда азаттықты аңсаған бабалар арманы орындалды. Қазақстан төрткүл дүниеге өз Тәуелсіздігін жариялап, Егемендікке қол жеткізді. Содан бері ел халқы осы күнді сән-салтанатымен атап өтіп келеді.

Қазақстан жұрты тәу етіп, құрмет тұтар ең асыл мереке – Тәуелсіздік күніне орай Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараны өңірдегі зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер, барлық саланың мамандары, еңбек азаматтары мен аудан тұрғындары тамашалады. Тәуелсіздік тойына қатысқан аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев жалағаштықтарды еліміздің Егемендік алған күнімен құттықтап, мерекенің маңыздылығына айрықша тоқталды.
– Тәуелсіздік мерекесі – барша қазақ­стандықтар мен алыс-жақын шет мемлекеттерде тұратын қандастарымыз бен достарымыздың да төл мерекесі. Бұл – азаттықты аңсаған бабаларымыздың асқақ рухы алдында, азаттық үшін жан алысып, жан беріскен аманаты алдында тағы бір тағзым ететін тарихи күн. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тегеурінді еңбегімен ұлан-байтақ жеріміздің шекарасы бекіп, Еуразия төрінде, Сарыарқаның төсінде ел тірегі – ғажайып жаңа Астана бой көтерді. Әрбір жетістігіміздің Тұңғыш Президентіміздің сара да салиқалы саясатымен жүзеге асырылып отырғаны баршаға аян. Еліміз осынау ширек ғасырдан астам уақыт ішінде үлкен тарихи табыстарға қол жеткізді. Тәуелсіздік жылдары ел еңсесін тіктеу жолында көптеген жұмыс атқарылды. Қазақстан халқы бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай болып, барлық жерде ынтымағы мен бірлігін танытты. Татулық бар жерде тұрақтылық болатынын, ал, тұрақтылық орнаған жерде береке болатынын дәлелдеді. Қазір дүние жүзі 130-дан астам ұлттар мен ұлыстарды бір арманға жұмылдырған мемлекетімізге қызыға да, қызғана да қарайды, – деді өңір басшысы.
Мұнан соң аудан әкімі өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар ел ағаларына "Ауданның Құрметті азаматы" атағын салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ, мерекелік жиында әр салада елеулі еңбек етіп жүрген азаматтар облыс, аудан әкімінің және "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының "Алғыс хаттарымен" марапатталды.
Салтанатты жиын соңы жергілікті өнер­паздардың мерекелік концертіне ұласты. Па­триоттық әндер шырқалып, мың бұралған би өнері де сахна төрінен көрініс тапты.

«ЖЖ» ақпарат.
15 желтоқсан 2018 ж. 857 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930