» » ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ



Аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйінде аудан әкімінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елім деп соққан жүрегі» атты салтанатты жиын өтті.
«Арай» халықтық мәдени-үгіт тобының қойылымынан бастау алған салтанатты жиынның алғы сөзін аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев алып, аудан халқын атаулы мерекемен құттықтады.
- Қазақ елі Тәуелсіздік жылдарында қаншалықты толымды табыстарға қол жеткізсе, оған ауданымыз да өз үлесін қосып келеді. Сыр еліндегі құт мекеннің бірі – Жалағаш ауданы - Мемлекет басшысының барлық бастамаларын зор ықыласпен қабылдап, қашан да қолдап отыр.Жалағаш ауданы - облыста Сыр маржанының үштен бір бөлігіне жуығын өндіретін ынтымағы артқан, ырысы тасыған өңір екенін біз мақтанышпен айтамыз, - деді аудан басшысы өз сөзінде.
Сондай-ақ, салтанатты жиында еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтарға «Қызылорда қаласының 200 жылдығы» мерекелік медалін және аудан әкімінің алғысын табыстады.
Жиын соңы Тұңғыш Президент күніне арналған аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.
01 желтоқсан 2018 ж. 1 097 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 070

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031