» » Қазақстандық 4 жасар ұл бала танымал ресейлік бағдарламаға қатысты

Қазақстандық 4 жасар ұл бала танымал ресейлік бағдарламаға қатысты

4 жасар Алеша “Видеоны көрдіңіз бе?” бағдарламасына қатысты. Бірінші арнаның редакторлары қазақстандық баланың видеосын көріп, оны бағдарламаға шақыру туралы шешім шығарған. Бұл туралы Alau.kzбасылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды


Видеода Алешаның Аяз ата мен Ақшақарды көргендегі әсері бейнеленген. Күлкілі видеоны интернетке анасы бір жыл бұрын жүктеген.

“Видеоны көрдіңіз бе? бағдарламасының редакторы оларға Алешаның видеосы ұнағанын айтты. Жаңа жылдық түсірілемге шақырғысы келетінін жеткізді. Таңғалдым. Күтпеген едік. Әрине, мен келісімімді бердім. 14 желтоқсан күні біз Бірінші арнада, түсірілімде болдық. Студияда ұлымның видеосы көрсетілді”, — дейді баланың анасы Наталья Луговская.

Баланың анасының сөзінше, Алеша басында ұялған. Бірақ сонда да жүргізуші мен түсірілімге қатысқан ресейлік жұлдыздардың сұрақтарына жауап берген. Номинация  бойынша дауыс беру де болған. Эксперт-жұлдыздар 4 жасар Алешаға дауыс берді. Қазақстандық ұл бала қатысқан бағдарламаның қашан эфирге шығатыны әзірге белгісіз.
 
Stan.kz

21 желтоқсан 2018 ж. 567 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 137

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930