» » Бибігүл Дәулетбек Саттарханов жайлы бір фильм түсірмеген Сатаевқа ренішін білдірді

Бибігүл Дәулетбек Саттарханов жайлы бір фильм түсірмеген Сатаевқа ренішін білдірді

ÐибÑгүл ÐÓÑлеÑбек, ÐÐµÐºÐ·Ð°Ñ Ð¡Ð°ÑÑаÑÑанов. ФоÑо: ТележÑÑналиÑÑÑÑÒ£ жеке паÑаÒÑаÑÑнан, Ð¥Ð°Ð±Ð°Ñ 24. Ðоллаж: NUR.KZ

Елімізге танымал жүргізуші Бибігүл Дәулетбек осыдан біраз жыл бұрын жол апатынан қаза тапқан Бекзат Саттархановқа арнап, әлі күнге бір фильм түсірмегеніне күйінді. Журналист Серік Сәпиевтің орнына 20 жасында көз жұмған боксшы туралы кино түсіру керектігін жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қазақтың маңдайына сыймай кеткен Бекзат Саттарханов туралы фильм түсірілмейді. Ал көзі тірі Серік Сапиев туралы фильм түсірейін деп жатқанын естіп, режиссер Ақан Сатаевқа қатты ренжідім. Кеше Денис Тен өлгенде барлығымыз егілдік. Әлі егіліп келеміз. Егіле береміз де... Бірақ, өзімізге келгенде қатайып қалатынымызға қапаланамын.

2000 жылды қалайша тез ұмыттық? Сол кезде емес пе еді, қарадомалақ баламыз Сидней Олимпиадасында көк туымызды желбіретіп, бізді жылатқаны?! Бекзаттың жол апатынан қайтыс болғанына бақандай 19 жыл өтті. "Елім-жерім" деп келіп, уланып өлген Мұстафа Өзтүрік ағамыздың кеткеніне 24 жыл толуда. Неге осы екі атақты спортшымызға фильм арнамаймыз?", - деп ашынған тележүргізуші Серік Сәпиевке де өз өкпесін айтты.

"Бекзаттың анасының ренжитін жөні бар. Мемлекеттен қаржы бөлініп тұрып, халықтан ақша жинаған деген не сұмдық? Депутат Серік Сапиев: "Ақан аға, мен туралы кино түсірген ұяттау. Оның орнына қыршын кеткен Бекзатты түсірсеңіз" десе, тағынан түсіп кетеді ма екен? Серік па екен тек медаль алған? "Дәулет Тұрлыханов, Ермахан Ыбрайымов, Мұхтархан Ділдәбековтей ағалары тұрғанында, маған не жорық?" деуге болады ғой.Серік Сапиев үшін мен ұялып отырмын. Қоя берші Сатаевты, оған қаражат бөлінсе болды. Серікке не жоқ деймін?", - деп жазды Бибігүл Дәулетбек Instagram парақшасында.

Айта кетейік, журналистің бұл жазбасын желі қолданушылары да қолдай кеткен.
"Дұрыс айтасыз", "Бекзат жайлы бір фильм шықпады", "Сол ғой 2000 жылдары бізді әлемге танытқан" деп желідегілер де өзпікір білдірген.


https://kaz.nur.kz
15 қаңтар 2019 ж. 1 087 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930