» » Хабиб Нұрмагомедов Қарағандыда балалар үйіне жасырын барып қайтты

Хабиб Нұрмагомедов Қарағандыда балалар үйіне жасырын барып қайтты



27 қаңтарда аралас жекпе жек боксшысы Хабиб Нурмагомедов ешкімге жария етпестен, БАҚ -қа ескертпестен Қарағандыдағы балалар үйіне барып қайтты. Оны қарағандылық Александр шақырды.

Бұл туралы желіде жария болды. Чемпион жетім балаларды спортпен шұғылдануғы шақырды. Зиян нәрселерге әуес болмауға үйретті.
“Спортпен айналысыңдар. Салауатты өмір салтын ұстаныңдар”, – деді Хабиб.
Сонымен қатар Хабиб Александр Корогодовтың анасы жұмыс істейтін дүкенге кірді. Ол дүкеннен шоколад сатып алды.


“Хабиб балалар үйіне келгенін жария еткісі келген жоқ. Сол үшін жасырын келді”, – дейді Александр.

Александр Хабибке хат жазып, балаларға кітап сыйлауын сұрады. Табысқа қалай жеткенін айтып беруді өтінді.
“Мен отандық жұлдыздарға балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді видеомен құттықтауын сұрап, хат жазам. Көп қазақстандық әртістер өтінішімді жерге тастамайды. Бұл балаларға үлкен көмек. Балалардың құттықтауды тыңдауының өзі олар үшін үлкен мәртебе. Олар тұлға болып қалыптасуға ұмтылады. Жақсы адам болуға ұмтылады”, – дейді Александр.
Ол Қарағандыдағы мекеменің бірінде логист болып жұмыс істейді.
“Бөтен бала болмайды. Олар біздің балалар. Өз қарындасым мен інілерім секілді көрем”, – дейді Саша.
Жас жігіттің ата-анасы ұлын мақтан тұтады. Анасы – сатушы, әкесі – кішігірім дүкен иесі.


Stan.kz

28 қаңтар 2019 ж. 559 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 660

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30