Макгрегор реванш үшін Нұрмағамедовке 15 миллион доллар ұсынды
UFC нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Хабиб Нұрмағамедовтің ағасы Алекс Нұрмағамедов ирландиялық Конор Макгрегордың қарымта кездесу үшін інісіне 15 миллион доллар (5 млрд 500 млн теңгеден аса) ұсынғанын мәлімдеді.
Бұл туралы «Спорт-Экспресс» басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.Өз сөзінде Алекс Нұрмағамедов қарымта кездесудің болмайтынын атап өтті.
«Ол Хабибке қызық емес. Оған қанша ақша берсе де, онымен айқаспайды. Иә, мен олардың Хабибке қарымта кездесуді ұсынып отырғанын білемін. Хабиб келіскен жағдайда, олар 15 миллион доллар (5 млрд 500 млн теңгеден аса) ұсынды. Алайда Хабиб «жоқ» деді. Конор кезекке тұрсын, өзгелермен жұдырықтассын. Ал Хабиб Фергюсонмен айқасып, мұнан кейін мансабын тәмамдағысы келеді», – дейді Алекс Нұрмағамедов.
Естеріңізге сала кетсек, 7 қазан күні Хабиб Нұрмағамедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Конор Макгрегорды жеңген еді.
Stan.kz
Пікір 2