Бас санитар дәрігер қазақстандық балалар арасында қызылша дертінің тарауының себебін түсіндірді
Қазақстанның бас санитар дәрігері елімізде қызылша дертінің тарауына не себеп болғанын түсіндірді. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бұл дертті жұқтырғандардың дені екпе алмаған балалар екен, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің басшысы Жандарбек Бекшин бүгінгі таңда қызылша дерті Еуропада өршіп тұғанын атап өтті.
«Бірінші себеп, біз жабық кеңістікте өмір сүрмейміз. 2017-2018 жылдары Еуропа аумағында 70 мыңнан аса қызылшамен ауыру жағдайы тіркелді. Бұл тек ресми дерек бойынша. Атап айтқанда, Сербияда 5 мың, Украинада 40 мың, Германия, Италияда 3 мыңнан аса және Англия мен Францияда 1 мыңнан аса адм қызылша дертіне шалдыққан», – дейді Бекшин.
Бас санитар дәрігердің сөзінше, бүгінде мемлекетте 900 баланың қызылша дертіне шалдыққаны тіркелген. Олардың дені екпе алмаған балалар екен.
«Қазіргі уақытта елімізде қызылшаға шылдығудың 900 жағдайы тіркелген. Олардың негізгі бөлігі – екпе алмағандар. Оның ішінде 56% екпе егу жасына жетпеген балалар. Одан әрі 30% қарсылық білдіргендер және 11% бас тартқандар. Өткен жылы вакцинациядан 5 725 адам бас тартқан, дегенмен медицина қызметкерлері азаматтармен жеке жұмыс жасап, 3106 адам өз пікірлерін өзгертіп, вакцинация жасатты», – дейді ол.
Өз сөзінде Бекшин екпені міндетті түрде алу керектігін айтты.
Stan.kz