» » Шымкент балабақшаларында балалардан саусақ іздері алына бастады

Шымкент балабақшаларында балалардан саусақ іздері алына бастады

Шымкенттегі бірнеше балабақшада сәбилерден саусақ іздері алына бастады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі «Хабар» телеарнасына сілтеме жасап.

ШÑÐ¼ÐºÐµÐ½Ñ Ð±Ð°Ð»Ð°Ð±Ð°ÒÑалаÑÑнда балалаÑдан ÑаÑÑÐ°Ò ÑздеÑÑ Ð°Ð»Ñна баÑÑадÑ
Хабарламаға сүйенсек, бұл жүйе тәрбиешілерге баланың балабақшада бар-жоғын анықтауға көмектеседі. Мұндай жаңа жүйе әзірге тек үш мектепке дейінгі мекемеге енгізілген. Егер ол тиімді болған жағдайда жылдың аяғына дейін барлық балабақшаға енгізіледі деп жоспарлануда.

Әдеттегідей, балалардың саусақ іздері тек ата-аналардың рұқсатымен ғана алынады. Ал биометриялық деректер өткізген әр балада жеке код болады.

«Бұл жүйе балалардың балабақшаға келу-келмеу есебін береді және мемлекеттік тапсырыстарды автоматты түрде балабақшалардың пайдасына есептейді. Сондай-ақ, болашақта бұл жүйе балабақшаның базасына кірмейтін адамдардың мектепке дейінгі мекемеге кіріп кетпеуін қамтамасыз ету үшін есіктің сыртына орнатылатын болады», – деп түсіндірді әзірлеуші компания жетекшісі Бекзат Егембердиев.

Ал бұл бағдарламаны орнату орта есеппен 170 мың теңгені құрайды.

«Жаңа жүйе бойынша бюджеттің барлық есебі экранға шығып тұрады. Біз сондай-ақ, балалардың балабақшаға келу-келмеуін бақылаймыз. Бірақ, жүйенің тиімділігіне көз жеткізу үшін сәл күте тұру керек», – деді Шымкент Білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан.

Бұдан бөлек, әзірлеушілер болашақта жаңа жүйе құруды жоспарлап отыр. Олар бақылау камераларының арқасында келушілердің бет-әлпетін танитын жүйе ойлап таппақшы. Ал оның артықшылығы, мекемеге мұндай жүйе орнатылса бөтен адамдар балабақшаға кіре алмайды.

Stan.kz 




04 ақпан 2019 ж. 660 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930