Биыл 1300 елді мекен кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етіледі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында 2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» бағдаралмасының «Цифрлық «Жібек жолын» іске асыру» бағыты бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендеріне талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасы іске асырыла бастады. Мәселен 2018 жылы 144 мыңнан астам адамды қамтитын 56 ауылды елдімекен сапалы интернетпен қамтылды. 1249 елді мекенді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету басты мақсатымыз жобаны жүзеге асыру барысында 20 мың шақырымды құрайтын талшықты-оптикалық желі құрылысын салу жоспарланып отыр», - деді Дәурен Абаев.
Министр 2018 жылы «Трансеуразия суперақпараттық магистраль» халықаралық жобасы бойынша Каспий теңізі арқылы Қытай, Оңтүстік Шығыс Азия және Еуропаны біріктіретін, 15 000 км астам талшықты-оптикалық магистраль салу жұмыстары жалғасатынын айтты.
Сондай-ақ, Дәурен Абаев 2018 жылы іске асырылған цифрлық шаралар қазірдің өзінде елімізге 218 млрд теңгеден астам экономикалық пайда әкелгенін, цифрландыру есебінен 43 мың астам жаңа жұмыс орны құрылғанны айтты.
Еске сала кетсек, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізгі 5 бағыттан және 17 бастамадан және 120 іс-шарадан тұрады.
Бұған дейін Дәурен Абаев дәрігердің қабылдауында кезек күту екі есе азайғанын атап өтті.