» » Алматыда полицейдің формасын киіп алып, адамдарды алдаған алаяқ ұсталды

Алматыда полицейдің формасын киіп алып, адамдарды алдаған алаяқ ұсталды

Алматыдағы полиция департаментінің қызметкерлері қызға алданып қалған адамдарды іздеп жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстанбасылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Оңтүстік астананың полицейлері форма киіп алып, Алматының орталық универсалды базарының маңайында бопсалаушылықпен айналысқан 24 жастағы бойжеткенді қолға түсірді.

Жергілікті кәсіпкерлер оны ұзақ мерзім бойы полиция қызметкері деп ойлаған. Олар заңсыз түрде жазаға тартылудан қорқып, бойжеткенге шегінбелі ақша беріп келген. Жетісу ауданының жедел қызметкерлері оны қылмыс жасап жатқан жерінен ұстап алды. Бірінші тергеу кезінде оның бірде бір құқық қорғау органдарына қатысы жоқ екені анықталды. Ал форманы ол жаппай сатылым кезінде сатып алған.

Ол кәсіпкерлерге келіп, олардың заңнан сауаты жоқ екенін пайдаланған. Жалған айыптарды ойлап тауып, олардан ақша талап еткен.

Полиция департаменті қолға түскен қыздың ҚК-нің қандай бабы бойынша жазаланатынын анықтап жатыр. Полицейлер алаяққа алданып қалған адамдардан 102 нөміріне хабарласуға немесе Жетісу ауданындағы полиция басқармасына арызбен бірге келуді сұрайды.

25 ақпан 2019 ж. 622 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 725

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031