» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨҢІЛІМІЗГЕ СЕНІМ ҰЯЛАТТЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨҢІЛІМІЗГЕ СЕНІМ ҰЯЛАТТЫ



Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде ел экономикасының, халықтың әлеуметтік жағдайының артуы үшін жасалатын бірқатар жағымды жаңалықтарды атап өтті.
Оның ішінде қазақстандық көпбалалы отбасылары үшін ерекше қуаныш сыйлаған жәрдемақының мөлшерін арттыру болды. Мен ерекше жағдайды қажет ететін баланың анасымын. Балам үшін әр күнді қуанышты етуге, оның барлық қажеттілігін тауып беріп, ертеңгі күніне үреймен емес, үмітпен қарауына бар күш-жігерімді салып келемін. Елбасының «әрбір отбасы көмекті сезінуі керек, мен мүмкіндігі шектеулі балаларға берілетін жәрдемақыны 30 процентке арттырамын» дегені біздің көңілімізге қуаныш, сенім сыйлады. Бұл біз үшін үлкен көмек, ерекше қолдау деп білемін. Қазіргі алып отырған жәрдемақымыз осынша процентке көбейетін болса, онда күтімдегі балаларымызға керек-жарағын қысылмай алып, қажетті ем-домына да жеткізуге мүмкіндік туады деп ойлаймын.
  
Оразкүл ОСПАНОВА,
кент тұрғыны.
07 наурыз 2019 ж. 612 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 725

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031