» » Погон таққан ару

Погон таққан ару

Біздің ауданда ер азаматтарға тән қызметті абыроймен алып жүрген нәзікжандар баршылық. Олар ерлермен қатар елдің тыныштығын күзетіп жүрген полицей қыздар. Солардың бірі – аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ұйымдастырушылық аналитикалық жұмысшы тобының инспекторы Ұлбосын Ахметова.
Кейіпкеріміз полиция қызметкері болуды өзі таңдаған. Оқу орнын бітірген соң осы салаға қызметке келген. Биылғы жылдың ақпан айына дейін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспектор қызметін атқарған Ұлбосын Жақсылыққызын өз ісінің шебері деуге болады. Сонау 2005 жылдан бері осы салада жүрген полицей қыз еңбек өтілінде көптеген қиындық пен сынақтан өткен.
– Алғашқы кездері бұл қызметке үйрену оңай болмады. Бізде белгілі бір жұмыс уақыты біткенше ғана жұмыста болу деген жоқ. Түнде де жастарды бақылап, көшедегі тәртіпті күзетіп рейдтерге шығып тұрамыз. Арасында түн ортасында да шақыртулар болып жатады. Осындай жағдайлар, қызметім мені қаттылыққа, ер мінезді болуға тәрбиеледі. Форма кигеннен кейін халықтың қорғаны болуға, мықты сақшы болуға бейімделдім. Осы салаға келгеніме 15 жылдай уақыт болыпты. Осы уақыт ішінде көптеген тәжірибеден өттім. Әйел заты болсам да, ең бас­ты мақсатым – қоғамдық тәртіпті күзету, азаматтардың құқықтарын қорғау деп ойлаймын. Сондықтан да, ерлермен қатар қиындық болса да төзуге тырысамыз. Өйткені, бұл менің қызметім. Өз жұмысымды жауапкершілікпен, адалдықпен атқаруға тиіспін, – дейді Ұ.Ахметова.
Иә, бүгінде полиция қызметкерлерінің қатарынан нәзікжандарды көру таңсық дүние емес. Өйткені, қазір қай салада болмасын әйел адамдар бой көрсетіп жатады. Тіпті, уақыт өткен сайын тәртіп сақшысы мамандығын жетік меңгерген қыз-келіншектердің қатары артуда. Қоғам тыныштығын күзету, оны асқан жауапкершілікпен атқару оңай емес екендігі бәрімізге белгілі. Бұл сала ішкі істер органы болғасын ерлер немесе әйелдер деп бөлінбейді. Ереже, тәртіп бәріне бірдей. Ұлбосын да ерлермен тең дәрежеде қызмет атқарып, өмірлік тәжірибесінде талай жетістіктерге де жетіп үлгерген. Жұмысына деген адалдығы, халыққа қалтқысыз қызметі еленіп, бірнеше мәрте марапат төрінен де көрініп жүр.

Н.АЛМАСҚЫЗЫ.

12 наурыз 2019 ж. 1 064 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930