» » Елімізде некесіз туылған балаларға да алимент төлеу міндеттеледі

Елімізде некесіз туылған балаларға да алимент төлеу міндеттеледі

Қазақстанда некесіз дүниеге келген баланың әкесі алимент төлеуге міндеттелетін болады. Бүгін өткен Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында мәжіліс депутаты Светлана Бычкова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

ÐлÑмÑзде некеÑÑз ÑÑÑлÒан балалаÑÒа да Ð°Ð»Ð¸Ð¼ÐµÐ½Ñ ÑөлеÑге мÑндеÑÑеледÑ

Өз сөзінде Бычкова өткен жылдың маусым айында еліміздің Конституциялық кеңесіне үндеу жолданғанын айтты. Онда ер-азаматпен некеде тұрмаған аналар дүниеге әкелген балалардың бұл тұрғыда құқықтары шектелгені көрсетілген.

«Егер еркектер оларға алимент төлегісі келмесе, онда балалар алименттен қағылады. Сондықтан түптеп келгенде  ондай балалар  некедегі әйелдерден туған балалармен теңестірілген еді. Бұл ретте жағдайға байланысты нақты шарттарды сот айқындайды», - дейді мәжіліс депутаты.

Кеңейтілген отырыста баланың құқықтарын қорғау мәселесі жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар көзделген заң жобасын таныстырған Светлана Бычкова Неке және отбасы туралы кодекстің 47-бабына толықтырулар енгізілетініні атап өтті. Онда ер адамның  некеден тыс дүниеге келген балаларын асырау мақсатында олардың анасының шығынын өтеп беретіні көзделіп отыр.

Stan.kz 
12 наурыз 2019 ж. 528 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930