Самал Еслямова "Азия "Оскарын" жеңіп алды
Қазақстандық актриса Самал Еслямова Сергей Дворцеойдың «Айка» фильміндегі рөлі үшін үздік актриса ретінде Гонконгта өткен Азия киноакадемиясының (Asian Film Awards Academy) сыйлығын алды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы 17 наурызда мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісінде жазды.
«Достар, Asian Film Awards Academy сыйлығын «Азия «Оскары» деп атайды. Азия киноакадемиясы үміткерлерді 11 қаңтарда белгілеген. Ендігі, міне – жеңіс! Бұл үлкен жетістік пен табыс. Шығармашылық топқа жүрекжарды құттықтауымды жолдаймын! Өте қуаныштымын!» - деп жазды министр.
«Айка» фильмі Мәскеуде заңсыз тұрып, жұмыс істеп келе жатқан қырғызстандық қыз туралы. Қалаусыз аяғы ауыр болып қалғандықтан ол баласын перзентханада тастап кетеді. Бірақ уақыт өте аналық сезімі оянып, ұлын іздей бастайды.
Аталған фильмдегі басты рөлді петропавлдық Самал Еслямова сомдаған. 71 Канддың кинофестивальде «Ең жақсы әйел рөлі» атты номинацияның сыйлық иегері атанған.
Stan.kz.