» » «Түн мезгілінде жорытқан барымташылар»

«Түн мезгілінде жорытқан барымташылар»


Барымташы – барымтаға қатысушы, барымта жасаушы адам. Аса қарулы, епті шабандоз, айлакер, ізшіл,жылқы, жер-су жайын білетін,түнде жұлдызға қарап жол таба алатын, күн райын ауа райына қарап бақылап,болжай алатын жан-жақты қабілеті бар адам.
 2018 жылдың 12 айында аудандық соттың өндірісінде ұрлық жөнінде, яғни Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1,2,3,4 бөліктерінде көзделген 33 қылмыстық іс түскен.
Оның ішінде 4 іс бойынша үкім шығып, 29 іс бойынша қаулы шыққан.
Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру –адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;бiрнеше рет;тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен;ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық. Ірi мөлшерде жасалған ұрлық –1) қылмыстық топ жасаған; 2) мұнай-газ құбырынан;3) аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық болып бөлінеді.
      Ұрлықтан келетін залал көп, қолдағы бар байлығы-жалғыз сиырының сүтіне қарап, сонымен жан бағып отырған адамдардың маңдайына біткен малын әлдекімнің ұрлап кетуі зор шығын.Соңғы жылдары еркінсіген ұрылар тіпті қорадағы малдың өзін қоймайтын болып жүр.
Сотталушылар А.А мен С.С, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, мал қораға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін бірнеше рет, жасырын жымқырған.
2017 жылдың желтоқсан айының 23-і мен 2018 жылдың наурыз айының 11-і аралығында Жалағаш кентінің 11 (он бір) тұрғындарының малдарын ұрлап,сойып, етін Қызылорда қаласына апарып өткізіп отырған.
Сотталушылар сиыр малдарының туғанына екі ай болғанына, тууына бір ай қалғанына қарамай сойып отырған.
Олар Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодекснің  188-бабының 2-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен кінәлі деп танылып,  2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушыларға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.Олардың бұлтартпау шараларын бұрынғысынша күзетпен ұстауда қалдырылды.Азаматтық талап арыз қанағаттандырылып, азаматтық жауапкерлерден ортақтасқан түрде келтірілген материалдық шығын өндірілді.
Заң талаптарына сай, кейде көрші ауданның сот өндірісіндегі қылмыстық істер аудандық сотта қаралады.Бұл оқиға бойынша бір үйден ағайындылар және кәмелетке толмаған жас өспірім баланың, өз елім деп елге келген оралман ағайынның мал ұрлығына қатысқаны қынжылтады.Барымташылар негізі Сырдария ауданы мен Қызылорда қаласының тұрғындары, олар өздерінің аумағындағы тұрғындардың және Жаңадария ауылынан үйірімен жылқы малдарын айдап кетіп, барымталап отырған.
Бұл сотталушылардың мүшелері 16 адамнан тұрады.  
16 сотталушылар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, 2017 жылдың наурыз айының бас жағынан бастап 2017 жылдың қараша айының аяғына дейін бірнеше жәбірленушілердің малдарын барымталаған. Жәбірленушілерге ірі мөлшерде залал келтіріп, мүліктік шығын келтірген. Мініс атпен жылқыларды айдап апарып, қораға қамап,ұстап, малдарды автокөлікке тиеп Қызылорда қаласына апарып өткізіп отырған. Ұрылар ұсталды, тергеу әрекеті жүргізіліп, нақты дәлелдермен мойындарына қойылып, іс сотқа жетті.
Сот үкімімен сотталушыларға әр түрлі мерзімде жаза тағайындалды.
Қылмыстың-өтеуі жаза, сотталушылар абақтыда отырып белгіленген мерзімін аяқтап шығар, бірақ малдың шығыны қалай өтеледі.
 Б.Исағабылов,
Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі,
аудандық соттың бас маманы.
19 наурыз 2019 ж. 671 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 725

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031