Жүрек тебіренткен жазба: «Қалтамдағы бар ақша осы ғана. Кешіріңізші!»
Кеше «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «Kyzylordatoday» парақшасында көпшілікті сүйсіндірген жазба жарияланды, деп хабарлады Syrboyi.kz сайты.
Онда «Бүгін «Жайна» жақта машинамды сызып осындай хат жазып кетіпті. Егер оқып отырған болсаң, саған реніш жоқ» деп жазылған. Ал ол хаттағы мәтін мынадай: «Кешіріңіз, машинаңызды арбаммен сызып кеттім байқамай, кешірерсіз. Қалтамдағы бар ақша осы ғана. Кешіріңізші!».
Бұл жарияланған постты оқып отырған көпшілік «Жүрегіңді жібітетін хат екен, адал еңбегі 1 теңгесіне дейін қалдырыпты», «Алланың шапағатына бөлене бер.
Табысың мол болсын», «Шығынсыз кіріс кірмейді деген, Алла тағала таза ниеті үшін 100 есе қайтарсын», «Ең бай адам осы, түсінген адамға», «Қалай ренжисің?», «Жүрегіне Аллам иман берген жан екен» деген секілді жылы лебіздерін білдіруде.
«Facebook» әлеуметтік желісінде бөліскен Бағлан Аманбекұлы «Кішкентай нәрсе бүлдіргені үшін кешірім сұрайтын, жүрегінде үлкен мейірімі бар азаматтар аз. Керісінше, үлкен нәрсе бүлдіріп, жүрегінде кішкентай болса да мейірімі жоқ жандар қаншама» деп пікір білдірген.
https://syrboyi.kz